Тынық мұхиты туралы деректер

Oinet.kz 16-08-2019 5841

Тынық мұхиты – адамзатқа 16 ғасырда танылған жер бетіндегі ең үлкен мұхит. Содан бері мұхиттың көптеген ерекшеліктері мен өзгешеліктері ашылған, әйтсе де ғалымдар әлі күнге зерттеу жүргізіп, жаңалықтар ашуда.

i.jpg

Алғаш рет Тынық мұхит жағалауына еуропалықтардың аяғы 1513 жылы тиген. Ол испандық конкистадор Нуньес де Бальбоа еді. Ол және оның жолсеріктері оны теңіз деп біліп, оны Оңтүстік теңізі деп атаған. Тынық мұхиты атауы оған 1520 жылы берілген. Жер шарын айнала саяхат жасаған Фернанд Магелланның мұхит бойымен саяхаты кезінде мұхит тынық болып тұрғандықтан, оны Тынық мұхиты деп атауды ұйғарған. Орыс теңізшілері 1917 жылға дейін оған Шығыс мұхиты және Тынық теңіз атауларын қолданып келген.

Мұхиттың ең үлкен терең нүктесі – 2011 жылғы өлшеу бойынша 10 994 м болатын Мариан ойпатындағы «Челленджер тұңғиығы». Бұл атау оған 1951 жылы алғаш рет өлшеулер жүргізген Челлендж атты гидрографиялық кеменің атауына сәйкес берілген. Мұхиттың орташа тереңдігі 3984 метрді құрайды.

Мұхиттың теңіздермен қоса алғандағы аумағы – шамамен 179 млн шаршы метр. Бұл планетамыздың барлық құрлықтарын қоса алғандағы аумақтан 30 млн шаршы км-ге көп. Теңіздер, бұғаздар мен шығанақтар оның жалпы аумағының 18 % құрайды. Сонымен қатар аумағының 11%-ын судың тереңдігіндегі мұхиттық-орталық жоталар алып жатыр. Сонымен қатар ондағы маржан рифтері әлемдік рифтер аумағының 18%-ын құрайды.Бұл мұхитта көлемі әртүрлі 10 мыңға жуық арал бар. Арал саны бойынша басқа мұхиттардан бірінші орында.

Тынық мұхиты әлемдік мұхиттар суының 53% алып жатыр. Оның батыстан шығысқа дейінгі қашықтығы шамамен 19 мың км, оңтүстіктен солтүстікке дейін – 16 мың км шамасында.

Тынық мұхиты Солтүстік Мұзды мұхитымен, Атлант және Үнді мұхиттарымен шектеседі. Бұл үш мұхиттың оңтүстік бөлігі Оңтүстік мұхитын құрайды.

Тынық мұхитында ең үлкен Калимантан (шамамен 750 мың шаршы км) және Жаңа Гвинея (шамамен 800 мың шаршы км) аралдар орналасқан. Олардан үлкен тек Солтүстік Мұзды мұхиты мен Атлант мұхиты шайып өтетін Гренландия аралы (шамамен 2 млн шаршы км) ғана.

Тынық мұхитынан 180-меридианы бойынша Халықаралық мерзім ауысымының сызығы өтеді. Бұл екі жағынан да жергілікті уақыттан айырмашылығы 24 сағатты құрайтын шартты сызық.

Тынық мұхитында әлемдік мұхиттың 50% биомассасы (өсімдіктер мен тірі ағзалар) тіршілік етеді. Ондағы біржасушалы балдырлар саны шамамен 1300-ге жетеді. Оның ішінде ұзындығы 200 м болатын үлкен қоңыр балдырлар көптеп таралған.

Мұхиттың тропикалық суында балықтардың шамамен 2 мың түрі тіршілік етеді. Албырттәрізділер класының 95% Тынық мұхитынан табылған.

Судың экваторлық белдеуінде қосжақтаулы алып тридакна ұлуы тіршілік етеді. Оның қабыршағының ұзындығы – 2 м, салмағы – 300 кг. Ұлудың өмір ұзақтығы – 200 жыл шамасында.

9 км тереңдікте голотуриялар – тікен терілілер типіндегі омыртқасыз жануарлар тіршілік етеді. Қорек іздеу үшін олар асқорыту жолы арқылы топырақ пен құмды өткізе отырып, планктондар мен органикалық қалдықтарды бөліп алады алады.

Тынық мұхитының бұдан басқа да ашылмаған сырлары өте көп. Алайда адамдардың жауапсыздығынан оның суы мұнай, атомдық және химиялық қалдықтармен және қоқыспен ластануда. Соның әсерінен флоралар мен фауналар жойылуда. Мысалы, Беринг теңізінде теңіз сиыры өмір сүрген. 18 ғасырдың соңында адамдар себебінен жойылып кеткен.

Теледидар тарихы
Хеопс пирамидасы туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу