Шылаушынша созылған автобус

Oinet.kz 14-08-2019 1061

Screenshot_20.jpg

Аузы мұрнына толып, аяқ қоятын жер таппағанда шіркін, автобустың ұзын, кең болғанын қалайсың. Кейбір мемлекеттерде шылаушынша созылған автобустар да бар екен. Соның бірі  Африкада. Конголықтарды  тасымалдайтын   SuperCityTrain автобусының ұзындығы 32,2 метрді құрайды. Рекордсмен Голландияның  DAF фирмасынан шыққан. Көліктің салмағы 28 тонна, сыйымдылығы 350 адам. Екі метрге артта қалып тұрған келесі автобусты Германияның Дрезден қаласынан көруге болады. Автобусты қаладағы транспорт мәселесін шешу үшін Фраунгофер институтының ғалымдары ойлап тапқан екен. Үлкен көлікті басқару жүргізушіге оңай соқпайтыны белгілі. Дегенмен 30 метрлік көлік үнемдеуіш электроқозғалтқышпен жүреді. Ол 258 жолаушыны тасымалдай алады. Жанармай «ішпейтін» автобусқа Пекин және Шанхай қалалары тапсырыс беріп қойған көрінеді.    

Әлемдегі ең ұзын сиыр - Кникерс
Тұмауратқан Наполеон кінәлі ме, әлде қағыс естіген офицер ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу