Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Дене бітімінде кемістігі бар, көріксіз адамдар цирк өнерінде таптырмас әртістер болып саналады. Мұны тарихтың өзі дәлелдеген. Жаратылысына қарсы келе алмаған талай жан осы цирк арқылы елге танылып, әйгілі болған. Мәселен үш бирмалық бойжеткен Лондон халқын тым ұзын мойындарымен таңқалдырған. Олар аққу мойынды болып көріну үшін мойындарына мыстан жасалған дөңгелектерді тағып алып жүретін болған. Керік секілді кербезденген әртістер түрлі қимылдар жасап, шоу жасаған. Негізінен Азия елдерінде әйел адамның мойнын ұзарту дәстүрге айналған.
Ал 11 жасынан бастап манеждің «сүйкімсіз» әртісі атанған Янг Кришнан 1939 жылдары «жұлдыз» болған. Адамдар балақайдың арқасынан өскен үшінші қолын көруге асығатын. Янг артық өскен кішкентай қолымен әртүрлі заттарды ұстап, өнер көрсеткен. Ал Джонни Экхардттың жағдайы одан да аянышты. Беліне дейін ғана туылған жарты адам қолымен жүріп-тұрып үйренген. «Ұсқынсыздар патшасы» атанған Джонни мұяюды білмейтін. Кемтар болса да үнемі күліп жүретін ол цирктен мол табыс тапқан.