Ең алғашқы автобусты кім ойлап тапқан?

Oinet.kz 10-08-2019 3668

Screenshot_40.jpg

Адамдарды діттеген жеріне жеткізіп салатын, баршаға қолжетімді көлік түрі автобус өзінің даму тарихында бірнеше сатыдан өткен. Алғаш рет автобусты ағылшындық Ричард Тревик ойлап тапқан. Оның көлігі небәрі 8 адамды тасыған. Отарбашы, яғни жүргізуші пешке көмір салып отыратын болған. Кейіннен жылдамырақ жүретін 28 орындық автобус пайда болды. 

Screenshot_41.jpg

Ричард Тревик

Ал 1886 жылы Ұлыбританияның көшелерінде электрлі автобус жүйітки бастады. Немістер ағылшындықтардың идеясын ұштастыра отырып қуатты өзінен алатын автобус жасап шығарды. Уақыт өте келе бүгінгі заманның автобусы барлық елдерге тарап кетті. Әлемдегі ең ұзын жолбағыт Австралияда екен. Жолаушылар автобусы 5455 шақырымды жүріп өтіп Брисен мен Перт қаласын жалғап отырады. 

Үңгірде өмір сүретін адамдар
Футболканы шындығында не үшін ойлап тапқанын білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу