Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Жастардың сүйікті киімі футболка біз ойлағандай күнделікті тіршілікке арналмаған. Түймесіз, қызмет бабына ыңғайлы жейдені алғашқыда америкалықтар 1898 жылы Испан-америка сағысы кезінде теңіз жаяу әскерлері үшін тіктірген екен. Кейіннен киіп-шешуге оңай киім ел арасында сәнге айнала бастады. Әсіресе «Трамвай», «Тілек» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Марлон Брандо экранға алғаш рет футболка киіп шыққаны сол еді жұрттың бәрі соны кигіш бола қалды.
2001 жылы Fuji компаниясы ерекше футболка шығарды. Ерекшелігі сол киімнің құрамында С дәрімені бар. Футболка адам денесіне жанасқан кезде теріге сіңіп, қуат береді. Бүгінге дейін ең қымбатқа сатылған фуболка Джон Леннонның «Үй» деген жазуы бар жейдесі. Оның бағасы 16400 АҚШ доллларына бағаланған.