Аң мен құс, жын-шайтанның тілін ұққан Сүлеймен (а.с) пайғамбар

Oinet.kz 10-08-2019 4400

Screenshot_47.jpg

Дәуіт (а.с) пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда, пайғамбар отыз ұлын  ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті. «Отыз ұлым да бір жамағат қой» деп, жұртты күтпестен, ұлдарымен ғибадатты бастап кетеді. Намазда екі жаққа сәлем беріп жатып, «Расында да өзімнің әулетім бір қауым ел екен» деп астамшылық ойлайды. Намаз бітіп, бата жасаларда, отыз ұлы сәждеден тұрмай қалады. Дәуіт секем алып, тіксініп қалды. Астамшылық ойлап, халықты күтпегені үшін, Алла оның отыз ұлына сол мезетте қаза жіберген екен. Қателігін түсінген Дәуіт қырық күн бойы бас көтермей, Алладан кешірім сұрап, жатып алды. Құдай оның күнәсін кешіп, Дәуітке: «Отыз ұлыңды қайтарып берейін бе, әлде отызына татитын бір ұл берейін бе?» – дейді. Дәуіт: «Аллаға екі еткен жараспайды. Пендесі Оның жіберген қазасымен таласпайды. Құдай салды, біз көндік! Отызына татитын тағы да бір ұл бер», – деді. Ұлық Алла тілегін қабыл алып, пайғамбар көп кешікпей ұлды болады.

Дәуіт (а.с) пайғамбардың ұлдарына қатысты осы бір аңыз-әңгімені естулеріңіз бар шығар. Құдайдан тілеп, отыз ұлдың орнына жалғыз ұл сұраған Дәуіттің ұлы Сүлеймен патша туралы не білеміз?

Алланың сүйікті құлы болған Сүлеймен патша еврей халқын біздің заманымызға дейін  шамамен 965-928 жылдары басқарған. Оның билік құрған кезеңі Израиль тарихындағы кемелдеген, гүлденген ғасыр болып саналады. Таққа тым ерте, бозбала шағында келген ол елді асқан ақылдылықпен басқарып, бейбітшілік орнатқан. Сондықтан болар оның заманында елде бірде бір соғыс болмаған.   Сүлеймен патша тәп-тәуір дипломат, құрылысшы, саудагер болған. Әсіресе, құрылысқа қызыққан патша Масжиди Ақса – Бәйти Муқаддас  (қасиетті үй) ғибадатханасын тұрғызу үшін біраз күш жұмсайды. Бар әскерін құрылысшыға айналдырып, халқынан салықтар жинай бастаған. Зәулім ғибадаттың сән-салтанатын келтіру жолында ол біраз шығынға ұшырағаны белгілі. Хирам патшаға берешек болған ол қарызын қайтару үшін бағынышты бірнеше қаласын беруге мәжбүр болған. Бұл мешіттің құрылысында өте бағалы заттар қолданылды. Оған ұзақтан қараған кезде алтындай жарқырап тұрған. Оның құрылысы жеті жылға созылды. (Мешіт ассирия билеушісі екінші Бухтуннасар (Навухадоносор) Құдысты басып алған кезде өртелген).  Үлкен құрбандықпен тұрғызылған әсем де, үлкен ғибадатханада патшаның әйелдері құлшық жасаған. Деректер бойынша Сүлейменнің 700 әйелі мен 300 күңі болған деседі. 

Мұсылман болған Бәлқис патшайым

Сансыз әйелдерінің арасынан Бәлқис патшайымның есімі ерекше аталады.    Кейбір деректерде әміршінің даналығы мен байлығы жайлы естіген Саба елінің ханшайымы Сүлейменнің сарайына арнайы іздеп келген көрінеді. Ал кейбір зерттеулер бойынша патшайымның жұрт айтқан сұлулығына көз жеткізу үшін Сүлеймен оны өзі шақыртқан екен. Байлығымен атағы шыққан Саба елінен құр алақан келмеген Бәлқис болашақ күйеуіне көптеген тарту таралғылар әкеледі. Халық айтса қалт айтпайтын Сүлейменнің даналығына көз жеткізген патшайым сонда «Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы – Аллаһқа мойынсұнып, мұсылман болдым» – деп тілін кәлимаға келтіріпті. Бәлқис иман келтірген соң, онымен еріп келген уәзірлері де, қолбасшылар да, қызметшілері де тұтастай мұсылмандықты қабылдады. Ол жерде көп уақыт тұрып, Ислам дінін үйренеді. Бәлқистің өзі Сүлеймен патшаға тұрмысқа шығады. Көп ұзамай патшайым Менелик есімді ұлды дүниеге әкеледі. Сүлейменнің байлығын сөз еткенде оның тағын айтпай кету мүмкін емес. Кейбір деректер бойынша патшаның тағына апаратын алты саты болған. Олардың әр қайсысында қарама-қарсы алтыннан жасалған 12 арыстан және бүркіттің мүсіні орналасқан. Ал тақтың ең төрінде көгершін қонақтаған. Патша таққа жақындағанда әлгі  арыстан мүсіндер қозғалып қолын көтеретін болған. Патша аңның қолына сүйене отырып алтыншы сатыға жеткен. Соңғы сатыда оны бүркіттер қанатымен демеп келіп  таққа отырғызған.  Ал көгершін патшаның басына тәжін кигізіп беріп тұрған. 

Футболканы шындығында не үшін ойлап тапқанын білесіз бе?
Патшалықты да, пайғамбарлықты да нәсіп еткен Сүлеймен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу