Сүтті пирамидалар қалай пайда болды?

Oinet.kz 08-08-2019 1316

Кеңес Одағында сүтті халықта «пирамида» немесе «үшбұрыш» деп аталатын қаптамаға құйған. Оның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болған. Пирамида аударылып кетпейді және сүт төгіліп те кетпейді. Бірақ мұндай қаптама су өткізбейтін қатырма қағаздан жасалғандықтан, оны бөтелке тәрізді қабылдау орындарына өткізіп, 15 копейка алу мүмкін болмады.

Сонымен, сүтті «пирамидалар» қалай пайда болды? Оларға не үшін лимонад немесе басқа да сусындар емес, тек сүт құйылды?

fakty-moloko-v-piramidkah.jpg

Бәрі 1930 жылы француздың белгілі «La Science et la Vie» ғылыми журналының Пирамиданың өзгеше қасиеттері туралы жариялаған мақаласынан кейін басталған. Ежелгі Мысыр елі перғауындарының сағаналары мұндай пішінде болуы бекер емес екендігі анық еді.

Бірақ журналдың шыққан уақыты аздап алаңдатты. Сәуір айында шыққандықтан, бұл ақпараттың жай ғана журналисттердің әзілі болуы мүмкін еді. Алайда көп ұзамай көптеген басылымдарда француз химигі әрі фантасты Жак Берьжьенің мақаласы жарық көреді.  Жак Берьжье, яғни Яков Бергер 1912 жылы Одессала дүниеге келіп, азаматтық соғыс кезінде отбасы Парижге көшіп, сонда Жоғарғы химия мектебін аяқтайды.

Өз мақалаларында Берьжье қағаздан жасалған пирамидамен көптеген тәжірибелер жасағанын және қызықты жайттарды байқағанын мәлімдейді. Онда еттің балғын қалпын сақтап қалғанын, қанның ұйымағандығын, демек мұндай қаптама азық-түлік сақтауға тиімді екенін айтады.

Бұл идеяны іліп алған швед өнертапқышы Эрик Валленберг сүтке арналған картонды қаптамалар шығаруды қолға алады. Оған қоса су өткізбейтін қаптамаларды 1915 жылы АҚШ-тық Джон Уорнер жасап шығарған. Алайда мұндай қаптаманың көптеген кемшілік тұстары болды: өндіріс едәуір қымбатқа түсті әрі картон жиі жыртылатын және сүт ұзақ уақытқа шыдамайтын. Бірақ Валленберг бұл ақауларды пирамида пішіні шеше алады деп шешті. Сүт ашымайды, ал тұтынушылар оптимизм мен сергектік қуатына ие болады деп тұжырымдады.

1944 жылы Швецияда алғашқы пирамидалы қаптамадағы сүттер пайда бола бастады. Алайда оның да өз кемшіліктері болды. Пирамидаларды төрт бұрышты қораптарға салу ыңғайсыз болды. Ол үшін арнайы алты бұрышты контейнерлер өндіріле бастады. Алайда ол негізгі кемшілік болмады. Ең өкініштісі – пирамида қаптамадағы сүттер қарапайым қаптамадағы сүттен қарағанда ұзақ сақтала қоймады. Сондықтан Швеция 1959 жылы мұндай өндірістен бас тартты.

Бір қызығы, дәл осы уақыттары КСРО-да мұндай өндіріске қызығушылық туған еді. Шведтер Кеңес Одағына жабдықтарын қуана-қуана береді де, пирамидалы сүттер кеңестік азық-түлік дүкендерінің символдарының біріне айналады. Пирамидаларға тек сүттер ғана емес айрандар мен кілегейлер де құйған. Пирамидалардың сыйымдылығы әртүрлі – 300 грамнан 500 грамға дейін болған. Мұндай қаптаманың бұрыштары полиэтиленді қалталарды жыртып жіберетін. Сондай ыңғайсыздығына қарамастан, Кеңес Одағының ыдырауына дейін кездескен. Пирамидалы қаптамалардың ешқандай пайдалы қасиеті болмағандықтан, қазіргі таңда тікбұрышты қаптамалар көптеп танылған.

Сникерс шоколады туралы қызықты деректер
Мәскеу трамвайлары туралы деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу