Мәскеу трамвайлары туралы деректер

Oinet.kz 08-08-2019 1097

Мәскеу трамвайларының қазіргі таңда 120 жылдық тарихы бар. Бұл көліктің жүйелі қозғалысы 1899 жылдың 7 сәуірінде ашылған. Трамвайлар 14 минуттық аралықпен жүріп отырған. Вагондар жолға таңғы сағат 8-де шығып, кешкі 8-де өз жұмысын тоқтатқан. Көліктің жаңа түрін қолданғысы келген жолаушы 5 копейка тұратын билет сатып алуы тиіс болған.

fakty-moskovski-tramvai.jpg

Мәскеу трамвайлары туралы 10 қызықты дерек

Алғашқы трамвай Бутырская қақпасынан Петровский саябағына дейін жүрген. Бұл оқиға туралы көптеген газеттерде жазылып, губернаторды өоса алғандағы қаланың айтулы азаматтары қатысқан салтанатты рәсім өткен.

«Трамвай» сөзі бізге ағылшын тілінен енген. Ағылшын тілінен аударғанда ол сөз «вагон жолы» деген мағына береді. Алғашында Англияда трамвай деп шахтадағы көмір тасуға арналған вагоншаларды атаған.

Мәскеудегі ең танымал трамвай – «А» трамвайы болған немесе оны жергілікті халық «Аннушка» деп те атаған. Оның бағыты Калужский алаңынан «Чистые пруды» метро станциясына дейінгі аралықты қамтыған. Қазіргі заманауи Мәскеуде «Аннушка» деп аталатын асханасы бар трамвай халық үшін қызмет етуде. «А» бағытында Апаков атындағы трамвай депосы қызмет етеді.

Революция кезеңінде және Азаматтық соғыс кезеңінде Мәскеуде отын жеткізудің ұзақ уақытқа тоқтауына байланысты трамвай қозғалысы әлденеше рет тоқтатылған. Жұмыссыз қалған жұмысшыларды отын дайындауға және трамвай жолдарын жөндеуге жіберген. Метро пайда болғанға дейін трамвай миллиондаған мәскеуліктер мен қала қонақтары қолданатын қалалық көліктің негізгі түрі болып саналған.

Белгілі жазушы К. Паустовский жастығында вагон жүргізуші курсын өткен және трамвай депосына жұмысқа орналасқан. Алайда оның жұмысы көпке жалғаспаған. Паустовский басқарған трамвай сүт таситын көлікке соқтығысып қалған. Константинді кондуктор ретінде ауыстырып жіберген. Ол қолдарының жолаушылар төлейтін мыс тиындардан қолының үнемі жасыл түсті болып жүретін еске алады. 

Ұзақ уақыт трамвай есіктері қолмен ашылып-жабылған. Сондықтан көптеген жолаушылар вагондарға жүріп бара жатқан жерінен мініп, тоқтағанын күтпей түсіп кететін болған. Қауіпті әрине, есесіне тегін!

20-жылдары трамвайлар пошташылардың да рөлін атқарған. Бас пошта бағытында жүретін трамвайларға пошта жәшіктері орнатылған. Оларға тікелей поштаға баратын хаттарды салуға болатын. Алайда бұл идея көп тарала қоймағандықтан, трамвайлардағы жәшіктерді алып тастаған.

«Операция Ы» комедиялы фильмінің кейіпкерлері Шурик пен Лида «Вокзал-Заречье» бағытындағы №5 трамваймен жүрген. Ол бағытты фильмді жасаушылар ойлап тапқан. Түсірілім Бауман депосына тіркелген трамвайда өтеді. «Татра» вагондары Чехословакияда жасалып, 60-жылдардың басында Кеңес Одағына жеткізіле бастаған.

Кеңес кинематографиясының жұлдызы ретінде КМ №2170 вагонын атауға болады. 40 жылдан астам уақыт бойы жолаушыларды Мәскеу бойынша тасып, лайықты демалысына жіберілген соң оны кинематографтар бірнеше рет түсірілімге қолданған. Бұл трамвайды «Мастер и  Маргарита», «Место встречи изменить нельзя», «Покровские ворота» және басқа да фильмдерден көруге болады.

Соңғы 100 жылда трамвай жолдары 400 км-ге дейін өскен. 2019 жылы бес депоның қызметін қолданатын 45 бағыт жұмыс істейді.

Сүтті пирамидалар қалай пайда болды?
Біртүрлі 6 сұрақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу