Біртүрлі 6 сұрақ
Адам еті тұзды ма?
BBC телеканалының тележүргізушісі Грег Фут 2012 жылы «Секреты обо всём» деп аталатын фильмдер циклін ашады. Фильмнің кезекті санында жүргізуші адамның етінің дәмі қандай деген тақырыпқа тоқталады. Хирургтар Футты аяқ бұлшық етінің біраз бөлігін бөліп алып, тікелей эфирде қуырмақ болады. Сонда адам етінің дәмі қозы еті мен шошқа етінің қосындысының дәмін береді екен. Ол тұзды емес, керісінше біз қантты көп тұтынғандықтан тәттірек екен.
Гельді шарлар қаншалықты алысқа ұшады?
Мыңдаған километрге. Серпімді шарлар көтерілген сайын ісінеді, өйткені сыртқы қысым шар биіктеген сайын төмендейді.
Егер адам өз-өзімен сөйлессе, оның ақылсыз болғаны ма?
Жоқ, бұл феномен «өзіне-өзі пропаганда жасау» деген тіркестің альтернативі секілді. Адамдар жиі жалғыз қалғанда, жалғыз сезінгенде, стрессті жағдайда болған кездерінде өзімен-өзі сөйлесу қалыпты жағдай.
Неге адам басын ұрып алғанда, ашыққанда көз алдына ұшқындар елестейді?
Сіздің көретін ұшқындарыңыз, негізінде жанарда пайда болатын нейрондар. Олар кислородтың бірдестен өзгеруінен пайда болады. Мәселен бірден орнынан тұрып кеткенде, басты соғып алғанда.
Үлкен баста ақыл көп болады ма, не көп болады?
Мәселен неміс математигі К.Ф.Гаусстың ми салмағы 2400 грамм, ал орыс химигі Д.И. Менделеевтің ми салмағы 1571 грамм, орыс поэты С. Есенинніңкі 1920 грамм болса, неміс поэты И.Ф.Шиллердің ми салмағы 1785 грамм болған екен. Көрсетілген мысалдар адам басының өлшемі ешқандай да оның миының өлшеміне әсер етпейтіндігін білдіреді.
Маса ВИЧ ауруын тасымалдаушы бола ала ма?
Жоқ, себеі маса адамды шаққанда алдыңғы адамның қанын емес, өз сілекеін бөлу арқылы қажетін алады. Онымен қоса ВИЧ жануарларға тарай алмайды сондықтан, оның денесіне енген сәтте ВИЧ тудырғыш өмір сүре алмайды. Сол себептен де масаға қорықпай өзіңізді шақтыра беріңіз.