Режеп Тайып Ердоған туралы 10 дерек

Oinet.kz 07-08-2019 2124

15298666715b2fe9af070694.71791119.jpg

1.Режеп Ердоған «Әділдік және оны дамыту» политикалық партиясын құрған және оны әлі күнге дейін басқарып келеді. 2003 жылғы партия жеңісінен соң ердоған премьер-министр лауазымын иемденеді. Бұл қызметте 11 жылдай отырады.

2.2014 жылы тамыз айындағы президенттік сайлауда жеңіске жетеді. Ердоған осылайша Түркиядағы бүкілхалықтық дауысқа ие болған ең алғаш президент атанды. Осыған дейін президенттік сайлау салтанатты түрде өткен.

3.Президенттік лауазынан кейін Режеп Тайып Ердоған бүкіл билік үәкілетін өз қолына алды. Президенттің басты мақсаты Түркияны парламенттік мемлекеттен біртіндеп президенттік мемлекетке айналдыру болатын.

4.Эрдоган Президент болғанға дейін, Түркияда саяси және әскери элита қол сұғылмады. Егер исламшылардың әсері қауіпті болса, саяси және әскери элита Түркия саясатына әрдайым араласып келген. Бірақ Ержоғанның билікке келуі мұның бәрін түбегейлі өзгертті. Мәселен, әскери төңкеріске әрекет жасағаны үшін елдегі барлық жоғары әскери қолбасшыларды өмір бойғы қамауға алды.

5. 2013 жылы Ердоған Стамбулдағы наразылықтарды басу үшін өзінің билігін толыққанды пайдаланды. Наразылықтарға құрылыс үшін ағаштарды кесу қаупі себеп болды.

6.Президент әлеуметтік желілерді ұната бермейді, әсіресе Twitter-ді. Оның себебі көтерілістер мен ислам террактылары кезіндегі твиттер желісінде жалған ақпараттар тарап, оның кесірі халықтың бой көтеруіне себеп болуы. Сондықтан Түркияда желіге жиі тосқауыл қойылады. (бұл тұста біздің де халіміз мүшкіл...)

7.Ердоған үнемі елінде ислам құндылықтарын ұстанғысы келетінін айтады. Сөйтсе де "түріктердің өздерінің діни нанымдарын ашық білдіру құқығын" қолдайды.

8.Ердоған өзін Түкияның зайырлылығын жақтаушымын деп есептейді. 2013 жылы Ердоғанның тапсырысымен әйелдердің орамал тағуына қатысты тыйым алынып тасталынады. Орамалды тек мемлекеттік мекемелерде, полиция бөлімшелерінде, әскерде, сотта киюге тыйым салынады. Дегенмен де президенттің жұбайы орамалды басынан тастамай тағып жүреді, қызық.

9.Ердоғанның жақтаушылары оның религиялық шешімдерін құптап, «сұлтан» деп атайды екен. Олар Түркияны Осман империясы дәуіріне алып келгісі келетін сияқты.

10. Президенттік Эрдоган сарайы Ақ-Сарай 1000 бөлмеден тұрады, ал көлемі Ақ үй мен Кремльден де үлкен. Анкара шетіндегі сарайдың құрылысы 615 млн долларды құраған, ал Президент билігін қолдамайтын сыншылар бұл үйді Ердоған билігінің авторитарлық стилін растайды деп санайды.

Импичмент дегеніміз не?
Тарихтағы ең жас президенттер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу