Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Эммануель Макрон, Франция
Президенттікке 39 жасында келген.
Ол Наполеоннан кейінгі Францияның ең жас Президенті. Саясаткер өз бағдарламасымен азаматтардың сеніміне ие болды және қазір әлемдік таблоид беттерінде жиі пайда болады. Айтпақшы, ол мұғалім болған әйелге үйленген. Макрон халықты тыңдауды өзінің парызы санайды.
Тамим бен-Хамад Аль Тани, Катар
Президенттік постты 33 жасында иемденген.
2013 жылдан бастап осы кішкентай ғана мемлекеттің басында шейх Тамим бен-Хамад Әл Тани отыр. Ол өз әкесінен президенттік уәкілетті қабылдап алып, Катарды әлемнің ең гүлденген және бай елдерінің біріне айналдыра алды. Шейх 2022 жылы Катар аумағында футболдан әлем кубогын өткізуде маңызды рөл ойнады.
Ким Чен Ын, Солтүстік Корея
Мемлекет басына 28 жасында келді.
Әлемдегі ең жас мемлекет басшысы. Ким Чен Ын әкесінің өлімінен кейін 28 жасында президенттікті қабылдап алады. Қазіргі уақытта ол 35 жаста және ол әлемнің ең оқшаулы елін басқаруды жалғастыруда. Президент өз саясатында ядролық қаруды әзірлеуге барынша назар аударды. Ол сондай-ақ әлемдегі ең ықпалды кәріс және ең ықпалды адамдардың бірі деп аталады.
Джон Кеннеди, АҚШ
43 жасында президент атанған.
Ең танымал американдық президент туралы естімеген адам жоқ болар. Кеннеди Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері болды және көптеген марапаттарға ие болды. Өзінің басқару кезеңінде ол нәсілдік кемсітуді жеңу және "Аполлон" ғарыш бағдарламасын бастау мәселелерімен айналысты.
Яхья Джаме, Гамбия
29 жасында президент атанды.
1994 жылы төңкеріс кезінде Жас саясаткер Джаме билікке келеді. 1996 жылы ол заңды президент болып сайланды, содан кейін екі рет қайта сайланды. Өз басқаруы кезінде (2017 жылға дейін) президент елдегі жағдайды тұрақтандыруға баса назар аударды және өз атына сын келтірмеді.
Жозеф Кабила, Демократиялық Конго мемлекеті
30 жасында президент атанды.
Ол 2001 жылы оның әкесі Лоран Кабила өлтірілгеннен кейін ДРК Президенті лауазымын алды. Жозеф әлі күнге дейін басқаруды жалғастыруда, 2006 жылы демократиялық қағидаттар бойынша қайта сайланады. Президент өз басқару кезеңінде инфрақұрылымдық жобалар мен өндіруші салалардың белсенді дамуына жіті мән берді.
Михаил Саакашвили, Грузия
37 жасында президент лауазымын алды.
Саясаткер 2004 жылы Грузияның президенті қызметіне кірісіп, Еуропадағы мемлекеттің ең жас басшысы болды. Ол 2008 жылы екінші рет қайта сайтауда тағы да жеңіске жетеді. Саакашвили өз басқаруы кезінде елде әлем назарын аудартқан бірқатар маңызды революциялық өзгерістер жасайды.
Фор Эссозимна Гнассингбе, Того
39 жасында президент атанды.
2005 жылы 5 ақпанда саясаткер әкесі қайтыс болғаннан кейін сол елдің президенті болды. Дегенмен Африкадағы басқа мемлекеттер бұл сайлауға күмәнмен қарағандықтан, ол биліктен кетуге мәжбүр болды. 2018 жылы Гнассингбе қайта президент болып тағайындалды.
Карлос Альварадо Кесада, Коста-Рика
39 жасында билікке келді.
Президент болғанға дейін ол саяси және әдеби мансабын жасады. Карлос Альварадо Кесада әңгімелер жинақтары мен бірнеше тарихи романдар жазып шығарған.
Владимир Зеленский, Украина
41 жасында президент лауазымына ие болды.
"Квартал 95" студиясының көркемдік жетекшісі өз бәсекелтерінен едәуір дауысқа көп түсіп президент лауазымына ие болды. Саясаттан басқа, Зеленский фильмдерді белсенді түсіреді, сондай-ақ өнер саласындағы әлемнің көптеген сыйлықтарының иегері атанған.