Тур де Франс — әлемдегі ең айтулы веложарыстардың бірі

Oinet.kz 07-08-2019 1011

Screenshot_3.jpg

1902 жылдың 20 қарашасында «L’Auto» газетінің редакторы Анри Дегранж  және журналист Жео Лефевр екеуі Париж кафелерінің бірінде түстеніп отырып, әңгіме сол кездегі танымал Париж – Брест – Париж бағытындағы веложарыс туралы өрбиді. Бұл жарыстарға «Le Petit Journal» газеті демеушілік еткендігі және сол арқылы жақсы жарнама жасалып, газеттің жазылушылар саны артқаны туралы сөз қозғалады.

Кенет Жео Лефевр редакторға «неге бізге де өз веложарысымызды ұйымдастырмасқа?» - деген ұсыныс тастайды. Анри Дегранж жас кезінде 50 және 100 км, сонымен қатар 100 мильдік жарыстарда бірнеше рекордтар орнатқан атақты велошабандоз болғандықтан, оған бұл идея ұнайды да, келесі жылдың жаз мезгілінде Тур де Франстың алғашқы жарысы ұйымдастырылады. Бертін келе ол кәсіпқой велошабандоздар арасында ең айтулы жарыстардың біріне айналады.

Алғашқы жарыстың өзі-ақ «L’Auto» газетіне айтарлықтай танымалдылық әкеледі. Аз ғана уақыт ішінде жазылушылар саны 25 мыңнан 65 мыңға дейін жеткен. Тираж саны әр жарыс сайын өсіп отырған. Қазіргі таңда Тур де Франстың 100 жылдан астам уақыттық тарихы бар. Жарыстар тек Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ғана ұйымдастырылмаған.

Көпжылдық тарихы бар Тур де Франс жарысы кезінде көптеген қызықты оқиғалардың болғаны белгілі.

Жарыс 21 кезеңнен тұрады және әр кезең бір күнге созылады. Бұл уақыт ішінде қатысушылар шамамен 3-4 км қашықтықты жүріп өтеді. Ең ұзақ қашықтық рекорды 1926 жылы орнатылған. Ол кезде спортшылар 5745 км қашықтықты артқа тастайды. Бұл қашықтық шамамен Париж бен Омбы аралығындағы қашықтықты қамтиды.

Жарыстың алғашқы жылдары жарыс қатысушылары жөндеуге қажетті құрал-саймандары мен қосалқы бөлшектерін өздерімен алып барған. Сынған жерлерін трасса бойында жөндеуге тырысқан не болмаса жақын маңдағы елді мекенге ұста іздеуге аттанған. Себебі қатысушылар тізімінен шығып кетпеу үшін спортшыға мәреге міндетті түрде жету керек болған.

Америкалық велошабандоз Ленс Армстронг жеті бірдей жарыста жеңіске жетіп рекорд орнатып, Тур де Франстың аты аңызға айналған спортшысына айналған. Бірақ 2013 жылы спортшы допинг қабылдағанын мойындаған. Өйтпеген жағдайда рекорд орнатып, жалпы саны жеті рет жеңіске жету мүмкін болмайтынын алға тартқан. Бұл үшін Армстронг жеңіп алған барлық титулдарынан айырылған.

Тур де Франстың тағы бір рекордшысы – Швециялық Магнус Бэкстед деген спортшы. Жеңіс санымен емес, әрине.  Қатысушылар арасында оны танымал еткен – салмағы. Швед спортшысының салмағы – 94 килограммды құрайды.

60-жылдарға дейін жарыс қатысушыларына спирттік ішімдік ішуге тыйым болмаған. Тіпті жарыс кезінде де ішуге рұқсат болған. Алайда кейін алкогольді стимулятор деп танып, қолдануға тыйым салынған.

Телевизия қызметкерлері Тур де Франстың Олимпиада ойындары мен футболдың әлем чемпионаттарынан кейінгі әлем бойынша үшінші орындағы ең танымал спорт ойындарының біріне жататынын мәлімдеген. Жарыс кезінде теледидардан қараушы көрермендер саны 3 миллионнан асатындығын алға тартқан.

Бірінші Дүниежүзілік соғыстың Еуропаға үлкен залалын тигізген. Ал Франция жолдары мүлде аянышты халде болған. Сондықтан да 1919 жылғы жарыстың қатысушылары арасында мәреге тек 10 спортшы ғана жеткен. Ал орташа жылдамдық 20 км/сағ шамасында болған. 

Тур де Франстың ең кәрі қатысушысы Пьер Коган 2013 жылдың қаңтар айында 99-шы туған күнін тойлауына небәрі аз күндер қалғанда дүниеден озған. Коган Тур де Франсқа 7 рет қатысқан. Ең үздік нәтижесі – 1950 жылы 7-орын болған.

Тарихтағы ең жас президенттер
Ким Чен Ын жөнінде қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу