Ким Чен Ын жөнінде қызықты деректер
Әлемдегі ең жас диктатор жөнінде ешкім біле бермейді, себебі жас президент өзі туралы мәліметтерді барынша шектейді. Ал оның ресми биографиясында өте қисынсыз мәліметтер көрсетілген. Солтүстік Корея билеушісі жайында іліп алар ақпарат алу үшін аңғарымпаз журналистердің немес Оңтүстік Корея ақпарат порталдарына жүгінуге тура келеді.
Тіпті оның туылған күні анық емес. (масқара)
Ким Чен Ын 1982 жылдың 8 немесе 5 қаңтарында дүниеге келген, бірақ ол 1983 жыл болуы да мүмкін. Кейбір деректерде 1984 деп те көрсетіледі. Мұндай шиеленіс неден орын алып отыр? Оның себебі лидер өзін байсалды, салиқалы етіп көрсету үшін ресми деректерде туған жылын 1982 етіп береді-міс. Алайда Оңтүстік Корея барлау ақпараттары бұл мәліметтерді теріске шығарады, президент көрсеткен жасынан екі жылға төмен туылған деседі.
Оның қасы барған сайын қысқарып бара жатыр ма, қалай өзі?
Балалық шағы құпияға толы.
Бала шағындағы суреттерін көрсетуге президент әлі бата алмай жүргенге ұқсайды. Себебі Чен Ынжанның кішкентай кезінен бірде-бір суреті жоқ. Ал жоғарыда көрсетілген сурет елдегі арнаулы ісшара кезінде көрсетілген. Алайда, бұл расымен де Ким Чен Ынның өзі ме, жоқ па...
Жергілікті поп-группағы әнші қыздарды өзі таңдапты.
Солтүстік Кореядағы поп әуендер біздікілерге мүлде ұқсамайды. Онда әншілер әскериге ұқсас киімдермен өнер көрсетеді. Және бейнеклиптерде елдің тұрмыс тіршілігі жақсы екендігі көрсетілуге тиіс.
Сізге мүмкін қызық болар. Моранбон тобының концертте өнер көрсетуі.
Ол Швейцарияда оқыған кезінде басқа атпен жүрген.
Швейцария, Берн атындағы беделді бір мектепте 1998-2000 жылдар аралығында Солтүстік Корея елінен келген елшінің ұлы өқығанын айтады. Ол өзінің жеке өмірінен ешқандай мәлімет бермеген, атын кеде Пак Ын кейде Напек деп таныстырған. Бұл болашақ Күн көсемі ме, шындығын сапасы нашар фотосуретке қарап, болжау ғана қалады. Бірақ онымен оқыған адамдар бұл Ким Чен Ын деп санайды. Дегенмен, бірге оқыған адамдар Напектің саясатқа қарағанда спортты ұнатқанын, сабағы нашар болғанын айтады екен.
Ол баскетболды ұнатады, Деннис Родманмен жақын жолдастар.
Деннис өз досы жайында былай дейді: «Мүмкін оның есі шынымда да дұрыс емес болар, бірақ мен байқамадым».
Ол барлық суретке күліп түседі.
Тактикалық ракеталарды сынау үстінде.
Оқушылармен ағаш егуге бара жатыр.
Саясаткердің бірнеше суреттерінен-ақ оның үнемі күліп түсетінін аңғаруға болады. Ақжарқын, ақкөңіл президент суретте ғана солай ма екен, әлде өмірде де ме? Кім білсін...
Әрине, халыққа әлемдегі бүкіл қуаныш иесі екенін көрсету оңай ма?
Шаш үлгісі, ол бөлек әңгіме.
Тіпті атақты футболистердің өзін шаштары дәл Чен Ынды алаңдатқандай алаңдатпайды. Халық арасында ол шаштаразға бармай, шаштарын өзі кесі де делінеді.
Егер Ким Чен Ын арық болса...