Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Газдалған сусындарға арналған автоматтар балалық шағы Кеңес Одағы кезеңіне сай келген жандардың есінде болар. Тиынқабылдағышқа үш копейка салсаңыз, бір стақан газдалған шырынды сусын, ал бір копейка салсаңыз – шырынсыз сусын ішуге болатын. Кеңес дәуірі кезеңінде бұлар ең танымал сауда автоматтары болған десе де болады. Қазіргі таңда сауда автоматтарының саны бүкіл әлем бойынша өте көп және оларды кез келген жерден сатып алуға болады. Олай болса сол сауда автоматтары туралы таңдамалы деген 10 қызықты деректерді ұсынамыз.
1. Кеңестің вокзалдарының көбінде газет сатуға арналған автоматтар орнатылған. Олар ешқандай электроникасыз механикамен жұмыс жасаған. Салынған тиын механизмді уақытша бұғаттан шығарады. Тиыныңызды салған соң тетігін бассаңыз жеткілікті, серіппелі құрылғы газетті шығарып береді.
2. Мәскеуде Чехов көшесінде өткен ғасырдың 60-жылдарында ешқандай сатушы болмайтын, барлық тауарды тек автоматтар сататын «Прогресс» дүкені ашылған.
3. Адамзат тарихындағы ең алғашқы сауда автоматын біздің заманымыздың бірінші ғасырында өмір сүрген грек механигі және математигі Герон жасап шығарған. Ол аппарат ғибадатханаларда су сатуға арналып жасалған. Қабылдағышқа түскен тиын тетікті соғып, тиек аздап жанына қарай қисайғанда, ыдысқа судың белгілі бір мөлшері құйылып отырған.
4. Сауда автоматтарының ең көп орналасқан жері – Жапония. Онда бір автомат 20 адамға келеді, АҚШ-та – 35 адамға, ал Еуропада мұндай құрылғының бір данасы 120 адамға қызмет етеді.
5. Жапонияда шылым шегушілердің саны шамамен 20 миллионды құрайды. Сондықтан да онда темекі сатуға арналған автоматтар өте көп. Бірақ олар сатып алушының жас шамасын анықтауға арналған арнайы сканермен жабдықталған. Сондай тексеруден кейін ғана автомат темекіні сату немесе сатпау туралы шешім шығарады.
6. Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде алтын сатуға арналған автоматтар бар. Олардан түрлі салмақтағы алтын кесектерін, сонымен қатар алтыннан жасалған тиындар сатып алуға болады. Алайда автоматтағы бағалар биржадағы алтынның бағасының өсуі немесе азаюы себебінен үнемі өзгеріп отырады.
7. Қытайдың Нанкин қаласының метроларында тірі шаяндарды сатуға арналған автоматтар орнатылған. Шаяндардың бағасы үлкендігіне қарай 15-тен 50 юаньға дейін жетеді. Сол автоматтың өзінде шаянды дайындауға арналған соустың өзін таңдауға болады.
8. Қазіргі таңда ең танымалы және көп таралғаны кофе сатуға арналған автоматтар. Ең алғаш мұндай құрылғы 1946 жылы пайда болған. Ол кездегі автоматтар керемет болды деп айту қиын, сусынның дәмі де тіл үйірерліктей болмады. Әйтсе де жасаушылар аппаратты жетілдіріп, қазіргі таңда өз клиенттеріне кофенің түр-түрін ұсынуда.
9. Осыдан бірнеше жыл бұрын Германияда қайғылы оқиға орын алған. Тонаушылар автоматты бұзып ашып, ішіндегі ақшаны алмақ болған. Ол үшін олар қолдан жасалған жарылғышты қолданған. Жарылыс кезінде металдың бір бөлігі тонаушылардың бірінің басына тиіп, нәтижесінде ауруханада қаза тапқан.
10. Сонымен қатар бейтарап статистиканың мәлімдеуінше, сәтсіз оқиғалар нәтижесінде сауда автоматтары азулы акулалардан екі есе қауіпті көрінеді. Соңғы уақытта «кері әрекеттегі» автоматтар көптеп пайда болуда. Олар тауар сатпайды, керісінше сатып алады. Мысалы: бөтелкелер, алюминий құтылар, тағы басқа да заттар. Бұл заттар қайта өңдеуге жіберіледі.