Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Ғалымдар ауруханаларда қызмет ететін робот-медбикені ойлап тапты. Hospi өнімі толық медбикенің ісін орындамағанмен, медбике көмекшісі ісін қиындықсыз атқара алады. Робот медициналық құралдарды тасуға және орнын ауыстыруға арналған. Егер аурухана Wi-Fi жүйесімен жабдықталған болса, ол ауруханалық мекеме картасын жүктеп, өздігінен жолды таба алады және лифтті қолдана алады. Роботтың қозғалу жылдамдығы 1м/с-ті құрайды.
Hospi Сингапурдағы сынаудан өтті. Panasonic компаниясының айтуы бойынша, робот-медбике осы стандарттардың талабын орындай алған алғашқы робот саналады екен.
Жаңа робот – Panasonic компаниясы инженерлерінің медициналық қызметтерге арнап өңдеп жатқан топтамасындағы бір өнімі. Оған дейінгі шығарылған робот кесте бойынша дәрі тарату үшін Жапония ауруханаларында қолданылып жүр. Уақыт өте компания олардың жасай алатын барлық қызметтерін бір роботқа қосып шығаруы да әбден мүмкін.