Ортағасырлық Еуропаның қандай сұмдығы әшкереленді?

Oinet.kz 02-08-2019 1540

4254.jpg

Туристер жиі баратын Еуропаны тарихтан «жетік мәдениет»  елі болды деу қиын. Себебі ортағасырлық Еуропа адам шошырлық кейіпте еді. Өмірінде тек екі рет жуынатындар, немесе дәретке арналған ыдысты «басына жастанып» жататыдар батыстық жабайылықтың көрінісі еді. Бұл жүйе жағдайы төмендерде орнаған болар деп ойладыңыз ба? Қателесесіз! Еуропаның ханы да қарасы да осындай сұмдық, тым төмен санитарлық жағдайды өмір сүрді.Испанияның патшайымы Изабелла Кастильская (XV ғ. соңы) өмір бойы тек екі рет — туған кезде және үйлену күні жуылғандығын айтқан.

Жуылмаған қол

Тек 18 ғасырда Нидерландының бай тұрғындары қолдарын күніне бір рет жуа бастады. Ал сол кезге дейін қарапайым қала тұрғындары жуылмаған қолмен тамақ жеп еркін жүрді. Мұндай жағдайда диареяның қандай деңгейде болғанын ойлаудың өзі қорқынышты.

2010_04_26_ec5cd9.jpg

Суды бірнеше рет пайдалану

Елестетіңіз. Ортағасырлық еуропада отбасыңыздың бірнеше мүшесімен тұрасыз. Сіз өзіңізге дейін ешкім қолданбаған суда жуынуды армандамай-ақ қойыңыз. Ортағасырларда суды бірнеше рет қолдану қалыпты жағдай еді. Ал шаршағанда, сергек болу үшін душ қабылдау жайлы мүлде ойламай-ақ қойсаңыз болар еді. Батыс косметологиясында несепке(кіші дәрет) жуыну күтім жасаудың бір түрі ретінде қарастырылды.

Жараны күйдіріп емдеу

Инфекция тараған аймақты, ашық жараларды қызған көмірмен күйдіру арқылы емдеуге тырысты.Бұл процедурадан кейін болмашы жараңыз үшін дене мүшеңізді (қол, аяқ) кесіп тастай салу да ортағасырлық дәрігерлерге «түкке тұрғысыз» іс еді.

Кір жууға шешім қабылдау тым қиын еді

Киімдерді жуу жылына екі рет шарасыздықтан туындайтын еді. Кір жуғыш ұнтақтың орнына несеп, сілті және өзен суы қоспасы қолданылды. Еуропалықтар үшін жұпыны, сасық, жыртық, лас киім комплекс тудырмайтын. (Мүмкін оларда «жұрттар» біздегідей өзге адамдарды аңдуға құмар болмаған шығар).

original-1 (1).jpg

Төсек астындағы дәрет ыдысы

Унитазы бар жеке бөлме – «өте қолжетімді» еді. Орта ғасырларда жастық астындағы ыдыс қою қалыпты құбылыс еді. Оларды әдетте төсек астында ұстап, біршама уақыт ішінде тікелей терезеден төгіп тазартатын. Бірде француз патшасы Людовик IX  қала ішінде кетіп бара жатқанда басына «бақ қонады». Біздегідей көгершін саңғытып кетті деп ұғуға асықпаңыз. Патшаның басына «нәжіс» төгіледі. Терезеден қоқыс тастарда ескерту тек осы кезде пайда болады. Әрі қолшатырларды төгілген нәжістен қорғану мақсатында қолдану да адамдар арасында белең алады.

Дәретхана қағазы жоқ

Дәретхана қағазына деген қажеттілік тіпті үңгірде тұратын адамда да болады ғой. Ал ұқыпсыздық «трендке» айналған елдер бұл жайлы бас қатырмайтын. Римдіктер бұл үшін дәретханаларда «жалпыға ортақ»  губкаларды қолданды.

Күшік ұстау дәстүрі

Қазір көшеде сән үшін күшік ұстап жүретін бикештер көп. Ал бұл моданың төркіні жуынбаған батыстық арулар денесіндегі паразиттерден арылу үшін жасаған қулығынан туындаған. Тіпті паразиттер киімнен сырғып кетеді деген сеніммен қалталы әйелдер жібек-шәйі материалдардан киім киген.

P.S.  Таяқтың екі ұшы бар. Бұл деректерді миф ретінде қарастырып, ортағасырлық еуропадағы антисанитарияны су тапшылығымен түсіндіретіндер бар. Себебі ол кезеңде батыста жұқпалы аурулардың саны артқан. Сумен жуынудың маңызын ұққан бай-көпестер ғана тұрақты жуынуға мүмкідік таба білген.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Робот-медбике
Ең терең жерасты зертханасы салынбақшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу