Қиямет күні алған қарызы иесінен кек алады

Oinet.kz 21-01-2021 4335

Ислам діні алған қарызды дәл уақытында қайтар деп бұйырады. Қарызды қайтармау кешірілмейтін күнәға жатады. Әбу Қатададан (одан Алла разы болсын) риуаят етілген хадисте: «Бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі! Мен Алланың жолында шейіт болсам, менің күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрады. Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шейіттің қарыздан басқа барлық күнәлары кешіріледі», – деді».

Қарыз.jpg

Мұсылман адам ең қажетті жағдайларда ғана қарыз алуға тиіс. Өйткені, қиямет күні алған қарызы иесінен кек алады екен. Хадистердің бірінде: «Қиямет күні алған қарызы иесінен кек алады. Бірақ, үш жағдайда ғана кек алынбайды: 1) әлсіз, күшсіз кедей адамның жауға қарсы шығуға қарыз алуы; 2) орауға кебін таппаған бишара мәйіт үшін қарыздану; 3) бойдақтықтан қорқып, үйлену үшін қарыз алу. Олардың қарызын Алла кешіреді»,–делінген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім адамдардың малын алып, қайтаруды ниет етсе, Алла Тағала оны қайтаруға көмектеседі, ал сарп етіп, босқа жоюды қаласа, Алла Тағала оны зая қылады», –деді.

Қарыздың өтелу мерзімі бойынша, ол екі түрге бөлінеді. 1) өтелу мерзімі нақты белгіленген; 2) қайтару уақыты айтылмаған. Қарыздың бірінші түрін белгіленген күнде өтеу, ал екінші қарызды бір ай ішінде беру уәжіп. Сондықтан, кімнің мойнында қарыз болса, оны өтеуге асығу керек, ал кімде біреуден алашағы болса, оны алған адамның есіне салу керек.

Қасиетті Құранда: Уәдеге берік болыңдар. Шындығында, уәде туралы сұралатын болады», – делінген.

Х.Аманқұлов,

Mazhab.kz

Омар (р.а) Халифаның әділдігі таңқалдырады
Берекеге бөленудің 18 тәсілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу