Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Ағылшындық "Empire" жуаналы "Бүкіл заманның 100 ұлы тұлғасының" ішінде Чаплинді №79 ретінде атаған.
1978 жылы Чаплиннің табыты ұрланған. полиция ұрыларды ұстап алып, 1978 жылы 17 мамырында қайта жерлеген. Оқиға қайталанбас үшін табытты топырақпен емес, цементпен көмген.
1981 жылдың 16 сәуірінде туғанына 92 жыл толуына орай, Лондонның Leikester алаңында Чаплинге арналған ескеткіш орнатылған.
Чаплин - "Тайм" журналы мұқабасына суретін жариялаған алғашқы актер.
Қаңғыбас бейнесін сәтті образ деп ойлағаны сондай, 26 жыл бойы 70 фильмде қолданған.
"Гонконгтен шыққан графиня" картинасына арнап 17әуен жазған.
"Алтын безгек" - Чаплиннің дайын сценарий бойынша түсірген жалғыз дыбыссыз фильмі ( авторы - Чаплиннің өзі)
Фильмнің кіріспе бөлімінің түсірілімі Сьерра-Невада тауларында өтеді. Осы бөлімдегі бір көріністе алтын іздеушілер рөлінде 2500 қаңғыбас ойнаған.
"The Tramp and the Dictator" деректі фильмінде Чаплиннің бұл туындысы Гитлерге жеткендігі туралы ақпарат бар. Чаплин бір сөзінде: " Ол менің фильмім туралы не ойлайтынын білу үшін бәрін де берер едім", -деген екен.
"Ұлы диктатор" - Чаплиннің қаңғыбас рөлін қолданған соңғы картинасы.