Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Венаішілік дәрі құю (внутривенные инъекции) 17 ғасырдың орта шенінен бері пайдаланылып келсе де, көпшілік шприцті қашан және кім ойлап тапқанын біле бермейді. Біз қазір пайдаланып жүрген шприцті 1853 жылы Чарльз Габриэл Праваз бен Александр Вуд ойлап тапқан. Айта кететіні шприцті бұл екі өнертапқыш бірге ойлап тапқан емес. Бұл өнертабыс, яғни осы маңызды медициналық жаңалықты жоғарыда аталған өнертапқыштар бір уақытта, бірақ бір-бірінен дербес түрде ойлап тапқан. Жалпы мұндай жағдайлар ғылымда жиі кездеседі.
Ал бір рет пайдаланылатын шприцті 1949-50 жылдары Артур Смит ойлап тауып, осы өнертабысы үшін АҚШ үкіметінен патент алған. Бірінші мәрте бір реттік шприцтерді 1954 жылы «Becton, Dickinson and Company» кәсіпорны шығара бастады. Ал 1956 жылы бүгінгі күнде кеңінен пайдаланылып жүрген пластикалық шприцті жаңазеландиялық Колин Мердок ойлап тауып, патент алды.
Ельцин өзінің алғашқы шетелдік сапарларынан президенттік ұшағына толтырып, бір реттік шприцтер әкелгені есімізде. Ол кезде бір реттік шприцті қоғам үлкен жаңалық ретінде қабылдаған болатын.