Пенициллин үшін – Нобель сыйлығы кімге берілді?

Oinet.kz 10-07-2019 1478

   Screenshot_13.jpg

Британдық ғалым – сэр Александр Флемингтің  пенициллинді ойлап табуы адамзат өмірі мен бүгінгі медицинаны түбегейлі түрде өзгертіп, миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалды. Пенициллиннің ойлап табылуы басқа да антибиотиктердің пайда болуына негіз болды. Бактеролог ғалымның бұл жаңалығы сифилис, гангрена, туберкулез, қызамық, өкпенің қабынуы, менингит және басқа да көптеген жұқпалы ауруларды жеңуге мүмкіндік берді. Пенициллиннің ойлап табылуы әсіресе жас балалар өлімін қысқартты. Ауылдағы ақсақалдардың айтуынша, ілгеріде нәрестелердің көпшілігі қызамық пен басқа да жұқпалы аурулардан қырылып қалады екен. 

Пенициллиннің ашылғаны жайлы 1929 жылы жарияланғанымен, бұл дәріні жаппай өндіру 2-ші Дүниежүзілік соғыс жылдары жолға қойылды. Ал 1945 жылы ұлы ғалымдар – Александр Флеминг, Говард Флори және Эрнст Борис Чейнге медицина мен физиология саласындағы Нобель сыйлығы берілді.   

Шприцті кім ойлап тапқан?
Әскери парады ең мықты қай мемлекет?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу