Әскери парады ең мықты қай мемлекет?

Oinet.kz 10-07-2019 1129

Screenshot_15.jpg

Қытай елінде әскери парадты өткізуге айрықша көңіл бөлінеді. Сапта жүріп бара жатқан жауынгерлер адам емес, құдды бір роботтар сияқты көрінеді: барлығының бойы, жүрісі  мен қимылы бірдей. Шеру барысындағы мұндай синхрондық деңгейге жету үшін қытай әскерилері бірқатар қулықтарға барады екен. Мәселен, жауынгерлер басын тік ұстауы үшін жағасына ине қадап алады. Яғни, қаласа да, қаламаса да, басын қисайтпай жүретін болады. Сондай-ақ, арқасын тік ұстауы үшін денесіне арнайы ағашты мықтап тұрып байлап қояды. Дайындық барысындағы тағы бір әдіс - әскери бас киімін теріс қаратып кигізу. Фуражканы құлатып алмауы үшін жауынгер мейлінше тік жүруге тырысады. Ал парадта қол көтеру кезінде әркелкілік болмауы үшін межелі биіктік арнайы сым тартылып белгіленеді де жауынгерлер соған машықтанады. 

Пенициллин үшін – Нобель сыйлығы кімге берілді?
Неге болашақ диктатордың тісі өте ерте шығады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу