Әлемдегі ең үлкен ұшақ коллекциясы

Oinet.kz 19-06-2019 1053

Коллекциялау - ғылыми, тарихи, көркемдік жағынан құнды біртекті заттарды арнай мақсатпен жинау. Коллекциялау тауып алу, жинау, зерттеу, бір жүйеге келтіруді, материалды дайындап, сақтауды, оларды мәдени-ағарту және оқу-тәрбие мақсаттарына пайдалануды көздейді. Әр адам өз қызығушылығына қарай өзі ұнатқан заттың коллекциясын жинайды.

Screenshot_6.jpg

Суретте Майкл Келли және оның ұшақтар коллекциясы

Ирландиялық Майкл Келли бала кезінен Лимерик Ситидегі үйінің маңынан ұшақтың қалай ұшқанын және қалай қонғанын бақылағанды ұнатқан. Қазіргі таңда 67 жастағы Майкл сол қызығушылығының арқасында ұшақтың, тікұшақтың және басқа да ұшу аппараттарының әлемдегі ең үлкен коллекциясына ие болып отыр. Ұшақтарға деген құмарлықтың арқасында Майкл сирек кездесетін модельдерін іздеп бүкіл ғаламшарды аралап шыққан. Оның коллекциясындағы 2300 ұшақтың бірде-бірі Ирландияда жасалмаған. Досының айтуынша Келли модельдерді толықтыру үшін жылына 10 000 еуро (12 000 АҚШ долларын) жұмсайды екен. Қазіргі таңда коллекцияның бір бөлігі бәрі басталған Шаннон Халықаралық әуежайында көрмеге қойылған.

Screenshot_7.jpg

Әлемдегі ең қорқынышты қарулар
Нотаны ойлап тапқан кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу