Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Какутэ
Қару сөзінің өзі құлаққа суық естілетіні рас. Әлемде біз естіп, көре бермеген неше түрлі қорқынышты қарудың түрлері бар. Мәселен соғыс сақинасы не какутэ – тікендер орнатылып, кішкене шеңбер етіп жасалған жапон қаруы. Соғыс кезінде саусаққа мұндай қарудың бір не екеуін тағып жүретін болған. Ортаңғы және сұқ саусаққа тағылады. Инесін ішке қаратып тағады да, жауын өлтірмей, қатты азаптау қажет болған жағдайда қолданады.
Ацтек қаруы
Семсерге ұқсас ацтек қаруы макуахутл бүгінде қолданыстан шыққанымен тарих беттерінде ең қорқынышты қарудың бірі ретінде қалды.
Скиссор
Ал ежелгі Египет суық қаруларының бірі хопешпен кесуге, турауға, шаншуға болады. Соңғы рет б.з.д. 1300 жылдары қолданыста болған. Басында жарты ай пішінді темірі бар скиссор болса жауды түйреп, қолмен ұруға арналған. Ол өлімге апармаса да, қарсыласты қинауға қолданылады.
Салмағы 9 келідей тартатын Қытай қаруы чжуа жауға шабуыл жасамай-ақ, тырнақтар арқылы үрейін ұшыруға да жарайды.