«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Тұманды Альбион Англияның екінші атауы саналады. Бұл сөздің шығуы туралы бірнеше болжам бар. Оның ішіндегі ең кең тарағаны мынау:
Альбион Англияның ежелгі атауы. Бұл сөз кельт тілінен шыққан. Ежелгі грек оқымыстысы Птоломей өзінің еңбектерінде Англияны осылай, яғни «тұманды Альбион» деп жазған көрінеді. Мұндағы «тұман» деген сөз кәдімгі теңіздің дымқыл қалың тұманын білдіреді.
Англияның тұманы расында да ерекше. Лондонда 1962 жылдың 3-7 желтоқсаны аралығындағы қалың тұман 137 адамның ажалына себепкер болған. 1000 адам ауруханаға түскен. Лондонда қалың тұманнан автобустардың жүруіне тыйым салынған. Көртұманда көліктер бір-бірімен соқтығысып, жүздеген адам қаза тауыпты.
Бірнеше күнге созылған қалың тұман сейілген кезде лондондықтар жас балаша қуанған екен.