Кореяны неге таңғы шық елі дейді?

Oinet.kz 06-06-2019 3041

yuzhnaya_koreya.jpg

Корея - бұл корей мемлекетіне сырттан берілген атау. Ал кәрістер өздерінің отанын басқаша атайды. Кореяның екіге бөлінуі де елдің атауына үлкен әсер етті. Дәл қазір кез-келген кәріс Корея мемлекетінің азаматымын деп атай алмайды. Ол не Оңтүстік Кореяның, не Солтүстік Кореяның азаматы екендігін білдіруі тиіс. 

Оңтүстік Корея ресми түрде Корея республикасы немесе  «Хангук» (тікелей мағынасы Хан елі дегенді білдіреді) деп аталады. Ал Солтүстік Корея ресми құжаттарда Корей халық демократиялық республикасы немесе «Чосон» деп аталады. 

Соныменен «Чосон» және «Хангук» деген атаулар қайдан шыққан? Ал шетелдіктер неге бұл елді Корея, Кориа, Корее деп атайды? 

Корей түбегінде пайда болған ең алғашқы мемлекет туралы мәліметтер қытай деректерінде біздің жыл санауымыздан бұрын бесінші ғасырда кездеседі. Ол қытайдың екі иероглифімен таңбаланған.  Бұл екі иероглифті қазір қытайлар «Чаосянь», жапондықтар «Тё-сэн», ал кәрістердің өздері– «Чосон» деп оқиды. Кореяның тарихында осы алғашқы мемлекет «Ежелгі Чосон» деп аталып келеді. Бұл мемлекет біздің жыл санауымызға дейін екінші ғасырға дейін өмір сүріп, кейін Қытайға жұтылып кетті. Мемлекеттің өзі жоғалғанымен, «Чосон» деген атау сақталып қалды. Кейінірек Солтүстік Кореяның орнына Когуре деп аталатын мемлекет пайда болған. Ал оңтүстік-шығыс Корея жерінде Силла деп аталатын княздық құрылды. Ал оңтүстікке қарай хан деп аталатын тайпа өмір сүрді. Х ғасырда Когуренің орнын Коре деп аталатын жаңа мемлекет басты. XIV ғасырда Коре мемлекетін құрған династия тақтан тайдырылып, оның орнынан жаңа әулет келді. Осы кезден бастап елдің атауы бұрынғысынша  Чосон деп аталды.  XIX ғасырда Чосон мемлекеті Хан деген атаумен алмастырылды. 1910 жылы Корей түбегін жаулап алған жапондықтар Чосон атауын қайта қалпына келтірді. Алайда басқыншылықтың салдарынан шетелге бас сауғалағандар Кореяны бұрынғысынша Хан немесе Хангук деп атап келді. 

1945 жылы Кореяның солтүстігінде Корей коммунисттік республикасы құрылды.   Жаңа республиканың қалай деп атауды олар ұзақ ойланыпты. Ақы аяғында ежелгі Чосон атауын лайық көреді. Ал капиталистік жолды таңдаған Оңтүстік Корея Хан республикасы немесе Хангук деген атауды қабылдады.  

Қазір солтүстіктегілер Оңтүстік Кореяны «Нам Чосон» яғни оңтүстік Чосон, ал оңтүстіктегілер Солтүстік Кореяны «Солтүстік Хан» деп атайды. Ал шетелдіктер Корея дейді. Кейбір сарапшылар Оңтүстік пен Солтүстік Корея бірігу үшін алдымен олар ортақ мемлекетке ортақ атау берулері керек дегенді айтады. 

Ал енді Корея қалайша «Таңғы шық елі» атанып жүр? Бұл атау қытайдың сол баяғы екі иероглифінен шыққан. Яғни «Чосон» сөзінен бастау алады. Бұл атауды қытайлардың қайдан алғаны белгісіз. Бәлкім оны сол ежелгі Корея тұрғындарының тілінен алған шығар. Бірақ бір анығы «чо» деген сөз қытай тілінде  «таң» дегенді, «сон» тазалық дегенді білдіреді. Жұртшылық бұл сөздің түп-төркініне, тарихына үңіліп жатпастан бірден  қолданысқа енгізіп жіберді. 

Неге Қытайды аспан асты елі дейді?
Англияны неге «Тұманды Альбион» елі дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу