Адам терісінен жасалған кітап

Oinet.kz 06-06-2019 1256

Screenshot_7.jpg

Гарвард –университеті әлемге  академиялық кітапханасымен де танымал. Білім ордасының кітапханасында тіпті  адамның терісімен қапталған кітаптар да сақталады. Университеттің кезекті кітап санау процесінде табылған үш кітап сыртқы мұқабасымен көзге түскен. Сирек кездесетін кітап қорына жауапты мамандардың айтуынша, табылған кітаптар адамның терісінен жасалған. Мұны кітаптың ішіндегі жазба дерек те растаған. Гарвард ғалымдарының айтуынша, кітапты жасау кезінде адамның терісі тірідей сыдырып алынған-мыс. 

Орта ғасырда жазылған кітаптар Рим поэзиясының жинағы, француз философиясынан оқулық және ортағасырлық испан заңнамасы туралы трактат екен. Гарвард кітапханасының басшылығы сирек кітаптарды жоюдың орнына, әдеттегідей қолданысқа бере беруді ұйғарып отыр. Университет кітапханасының директоры Сидни Верба кітапхананың көне баспалар залында адам терісінінен жасалған кітаптар тағы бар болуы мүмкін екенін жасырмады. Бір қызығы, бұл кітаптар Гарвард студенттері арасында жоғары сұранысқа ие екен. 

Англияны неге «Тұманды Альбион» елі дейді?
Төрт аяқты адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу