Төрт аяқты адам

Oinet.kz 06-06-2019 1401

Screenshot_8.jpg

      Алла кейбір адамдарды ерекше етіп жаратады. Миртл  да сондай ерекше адамдардың бірі. Себебі оның төрт аяғы бар. Анасынан жаңа туылған шарананың төрт бірдей аяғын көргенде ата-анасы мен дәрігерлердің абдырап қалғаны рас. Ақ халаттылар қыздың қосымша екі аяғы оның жетілмей қалған егізіне тиесілі деп түсіндірген. Өмірге Миртлмен бірге келуі тиіс сыңары қыздың денесіне жабысып қалған. Яғни беліне дейін жетіліп, аяғы өскенімен қалған мүшелері өспей қалған. Бір қызығы қосымша екі аяқтың әрқайсысында үш саусақтан ғана бар. Артық аяқтары болғанымен жүріп-тұруға Митл тек екі аяқты ғана қолданады. Себебі төрт аяғы тең емес. Өзгеше қыз туралы жұртшылық санақ науқанынан кейін біле бастады. Көптеген компаниялар оны жарнамаға түсуге шақырды.  

Төрт аяқты қыз туралы естіген дәрігер Клинтон Бикнелл қыздың ағзасына біраз зерттеулер жүргізеді. Ақырында ол 12 жасар Миртлге үйленіп, екеуі төрт қыз бір ұл сүйеді. Бақытты ана елуге таяған шағында өмірден озды. Миртл әлі күнге дейін әлемдегі жалғыз төрт аяқты қыз деген атаққа ие. 

Адам терісінен жасалған кітап
Жапанда қалған қалалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу