Жапанда қалған қалалар
Фотода Таймс Бич қаласы
Бұл қалалардың барлығында кезінде тіршілік қыз-қыз қайнап жатқан еді. Ал қазір түрлі себептерге байналысты олар тіршілік иелерінсіз бос қалып, қараусыз қаңырап қалған. Тіпті тамашалауға қорқынышты. Әсіресе мұндай шаһарлар Америкада көп кездеседі екен.
Мәселен 1925 жылы негізі қаланған Таймс Бич қаласына адам аяғын баспағанына 60 жыл болған. Қаланы эпидемиялық ауру жайлаған соң тұрғындар үйлерін тастап, жаппай көшіп кеткен.
Таймс Бич
Ал Вирджиния Монтана штатынының алғашқы астанасы болған. Азаматтық соғыстың салдарынан қала өркендеуін тоқтатқан.
Вирджиния қаласы
Централия АҚШ-тағы елес қала атанған қалалардың бірі. Дерек бойынша 1981 жылы мұнда 1000 тұрғын өмір сүрсе, 2010 жылы небәрі 10 адамға қысқарған. Тұрғындардың азаюының себебі 2010 жылы мұнда алапат өрт болып, онсызда санаулы адамның біразын жалмап кетті.
Централия қаласы
Кахаба қаласы 1820-25 жылдар аралығында Алабама штатының астанасы болған. Қаланы жыл сайын сел жайып кете бергесін тұрғындар оны қарғыс тиген мекенге балап, тастап кеткен.
Кахаба қаласы
Ал Калико кентіне бір кездері адамдар күміс өндіру үшін ағылып келіп жататын. Кейіннен күмістің бағасы төмендеп кеткесін ешкім мұнда құнсыз тастың соңынан келмеді. Нәтижесінде қала бос қалды.
Калико кенті