3 жасында қала мэрі атанған бала

Oinet.kz 06-06-2019 1054

tufts_116.jpg                                             

         Шағын қалалардың өз қызығы бар. АҚШ-тың Миннесота штатындағы Дорсет қалашығын небәрі  22 тұрғын мекендейді. Қала мэрінің кезекті сайлауында тұрғындар үш жасар баланы қала басшысы етіп сайлады. Осылайша Джеймс Тафтс есімді қаланың жаңа мэрі АҚШ-тағы «Ең жас қала басшысы» атағын иемденіп отыр. Алайда халық бұған таңданыспен қарамайды. Өйткені бған дейін Дорсет қаласын Джеймстің ағасы Роберт басқарған. Роберт Тафтс та бұл лауазымға 4 жасында тағайындалған екен.

Сайлау кезінде Джеймс дауыс берушілермен бірге болған. Ол қала тұрғындарына жеңіске жеткен кезде барлығына балмұздақ жегізетіндігін айтып, уәде берді. Бір қызығы, жаңа қала басшысы үлкен болғанда саясаткер емес, балықшы болғысы келеді екен.

Джеймстің анасы сайлау кезінде қатты уайымдағанын жасырмады.  

Жапанда қалған қалалар
Жаһандық жылыну
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу