Хайуанның тілін тапқан Кевин

Oinet.kz 06-06-2019 1221

Screenshot_9.jpg

           Кевин Ричардсон – әлемдегі жүрек жұтқан пенделердің бірі. Себебі ол аң патшасы арыстанның тілін тауып, дос болған адам. Зоолог мамандығын алып шыққан Кевинге жануарлармен жұмыс істеу ұнайтын. Бірде оған циркке өнер көрсету үшін екі бірдей арыстанның күшіктерін емдеп әрі қолға үйретуге алып келеді. Сүйкімді жануарларды қолға үйретуге алғаш рет кіріскен ол күшіктерге ә дегеннен-ақ үйреніп кетті. 

«Мен оларды жабайылықтарынан арылтып,  қарым-қатынас жасау үшін ешқандай амал-тәсілдерді оқыған жоқпын. Ғылым, кітапқа жүгінген жоқпын. Мен тек кішкентай арыстандармен кәдімгідей адам ретінде сөйлесіп, еркін жүрдім.Хайуан екен деп  өзімнен жоғары қойған емеспін»,- дейді ол. 

Аңдарды қолға үйрете жүріп ол жануарлардың психологиясын зерттей бастайды. Яғни олардың жан дүниесіне үңіліп, ұғынысудың кілтін табады. Қазір ол бірнеше арыстанмен тәулік бойы бірге ұйықтап, бірге серуендеп жүре алады. Тіпті бірге футбол да ойнайды екен. 41 жастағы Кевиннің бүгінде екі отбасы бар. Бірі: әйелі және екі баласы, екіншісі өзі басқаратын  Lion Park-тегі 38 арыстаны. Оның ішінде алғашқы достары Тау мен Напалеон да бар. Айта кетейік жыртқыштардың тілін таба білетін Ричардсон арыстандарымен бірнеше жарнамалық роликтерге түсіп үлгерген. 

Адам ішінде балық жүзбек
Сайтан мекендеген мұнара
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу