Сайтан мекендеген мұнара

Oinet.kz 06-06-2019 1160

2014-04-06_003057.jpg                                             

            «Сайтан мұнарасы» туралы естіппе едіңіз?! Табиғат тұрғызған ескерткіш АҚШ-тың алғашқы «ұлттық монументі» атанған дүниесі. Тау-тастан қаланған мұнараның биіктігі 1556 метр. Зерттеушілер мұнараның жасы шамамен 195 немесе 225 жыл деп болжайды.  «Сайтан мұнарасы» жер бетіндегі жұмбақ әрі тылсымға толы орын. Аңыз бойынша баяғыда жеті қыз серуендеп жүргенде аю шабуыл жасамақ болған екен. Арттарынан қуып келе жатқан аюдан қорғану үшін қыздар бір жартастың төбесіне шығып кетеді. Олардың Ұлы рухқа төніп келе жатқан ажалдан құтқара гөр деп жалынудан басқа амалдары қалмайды. Көмекке зәру пенделерге Ұлы рухтың шапағаты түсіп, әлгі жартас өздігінен биіктей берген көрінеді. Жартасқа шыға алмаған аю тастарды тырмалап-тырмалап кері шегінген екен. Мұнарадағы жырық сызықтар туралы  адамдар арасында  бүгінде сол қаһарлы жануардың тырнағының ізі деген түсінік қалыптасқан. Ал әлгі қыздар аспанға тірелген мұнарадан түсе алмағасын үркер жұлдызына айналыпты-мыс. 

Тағы бір аңыздың желісі бойынша бұл жартаста ертеректе сайтан айналаны шулатып, найзағай шақыру үшін дауылпаз тартып отыратын болған екен. Содан мұнараға жақындауға ешкімнің батылы бармаған. «Сайтан мұнара» атануы да ол себептен. Кейінгі зерттеушілер мұнараның басында өзге ғаламшарлықтардың кемесі қонатын орын бар дейді. Бұл болжамға сену қиын. Алайда тұрғындар мұнараның басынан бірнеше рет әлдеқандай жарықтың және ұшып жүретін алып құрылғының жүргеніне куә болғандарын айтады. Мың рет естігеннен бір рет көрген артық емес пе? Тылсым күштер мекендейтін мұнараның шыңын XIX ғасырдың соңында жергілікті тұрғын бағындырған. 1938 жылы кәсіпқой альпинист Джек Дюрранс оның ерлігін қайталаса, шыңға үшінші болып табан тіреген Джордж Холкинс болды. 

           Жыл сайын мұнда мыңдаған туристер келеді. Алайда мыңның ішінен бірінің ғана мұнара басына шығуға батылы барады екен. 

Хайуанның тілін тапқан Кевин
Неге Жапонияны Күншығыс елі дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу