Неге Жапонияны Күншығыс елі дейді?

Oinet.kz 06-06-2019 2720

Screenshot_10.jpg

Жапония туралы ең алғашқы тарихи жазбалар қытай деректерінде ұшырасады. Бұл деректі қытайлар жазғандықтан, ол қытай көзқарасымен, сол халықтың таным-түсінігімен суреттелген. Қытайлықтар шығысында жатқан Жапонияны «күншығыс», яғни «күн шығатын жақ» деп жазған көрінеді. 

Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін Жапония «Дай Ниппон Тэйкоку» деп аталып келген. Бұл Ұлы Жапония империясы деген мағынаны береді. Қазір Жапонияның ресми атауы «Нихон коку» немесе «Ниппон коку» деп аталады. Ал қарапайым жапондықтар өз елдерін «Ниппон» немесе «Нихон» деп атайды.  «Ниппон» сөзі көбіне ресми атауларда, төл валютада, почта маркаларында жазылады. Ал екінші «Нихон» атауы күнделікті қарым-қатынаста, ауызекі сөздерде қолданылады. Жапондықтан өздерін «нихондзин» деп атап,  төл тілдерін— «нихонго» деп атайды. 

Бұл жерде «Нихон» «бастау, күннің отаны» деген мағынаны береді. Жоғарыда айтқанымыздай бұл сөзді алғаш рет қытайлар шығарған. Суй әулетінің императорлары Жапон императорына жазған хаттарында бұл елді осылай атағанды жақсы көріпті. «Нихон» сөзі бертінде кең қолданысқа  көшті. Ал оған дейін Жапония «Ямато», ал қытайша «Ва» деп аталған. 

 «Күн шығыс елі» атауына қатысты мынандай да әңгіме бар. Шамамен 600 жылдары Шотоку ханзаданың тұсында Жапонияда Қытай мәдениетіне кеңінен жол ашылады. Жапондар қытай күнтізбесін пайдаланды. Көптеген будда храмдары салынды. Осы Шотоку ханзада Жапонияға екінші—«Күншығыс елі» деген атауды ойлап тауыпты. Ол Қытай императорына Жапонияны «Аспандағы күн осы елден шығады, осы елге қайтып оралады» деп жазыпты. Бертінде құжаттарда Жапония осындай екінші атаумен де атала бастаған. 

Сайтан мекендеген мұнара
Неге Қытайды аспан асты елі дейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу