Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Қазір түннің қай уақытында, таңертең сағат нешеде ұйқыдан тұрам десеңіз еш қиындық оянуыңызға болады. Себебі оятқыш сағаттардың түр-түрі кездеседі. Ол аз болғандай оятқыштар қазір барлығымыздың ұялы телефонымызда бар. Ал сіз білесіз бе, мұндай сағаттар пайда болмай тұрғанда оятқыштардың қызметін адамдар атқарған. Англия мен Ирландияда арнайы оятқыш мамандары болған. Олар таңертең қолдарына ұзын таяқты ұстап алып, терезелерді тақылдататын болған. Немесе дәнді түтікше арқылы терезеге қарай атып, адамдарды оятатын болған. Мұндай мамандарға адамдар аз ақша төлемеген.
Алғашқы оятқыш сағат Қытай жерінде пайда болған. Алайда оның құрылысы тым күрделі еді. Ал заманауи оятқышты 1787 жылы Леви Хатчинс ойлап тапқан. Тек бір кемшілігі сағат тек түнгі төртте ғана дыбыс беретін. Кез-келген уақытта дыбыс бере алатын, яғни бүгінгі қолданып жүрген сағатты 1847 жылы француздың сағат жөндеушісі Антуан Редье жасап шығарды.