Періште қақты

Oinet.kz 31-05-2019 1200

      880x495_310250.jpg                                            

         Серфингтен Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан «J-Bay Open» халықаралық турнирінде оқыс оқиға орын алды. Жарыс кезінде австралиялық Майкл Феннингке акула шабуыл жасап, жиналған жұрттың үрейін алды. Бағы бар спортшы барынша су жыртқышын үркітіп, аман қалды.

Серфинг спортынан әлем чемпионы Майкл Феннинг өмірінде алғаш рет өліммен бетпе-бет келгенін жасырмады. Ол құтқарушылар келгенше акуланың жемтігі боламын деп ойлаған екен. - Мен акуланың жүзбеқанатын көрдім. Сосын қашан тістейтінін күттім. Барынша айқайлап, аяғымды ерсілі-қарсылы сермей бердім. Ол болса кетпей айналып жүріп алды. Алғаш рет өліммен бетпе-бет келдім, - деді.

         Оқыс оқиғадан кейін «J-Bay Open» халықаралық турнирі уақытша тоқтатылды. 

Қалқыған пойыз
Ең алғашқы оятқыш (будильник) қашан пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу