Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Германия тұрғындары Вупперталь қаласындағы «Ескілік» атанып кеткен темір жолына деген ықыластары ерекше. 1903 жылы ашылған темір жолдың алғашқы жолаушысы II Вильгельм болған екен. Шойын жолдың бір ерекшелігі пойыз судың бетімен жүріп өтеді. Яғни темір жол көпірдің үстінде емес астында орналасып, пойыздың дөңгелектері вагонның төбесінде орналасқан. Бір қарағанда пойыз көпірдің астында қалқып бара жатқан темір тұлпарға ұқсайды. 2013 жылы ол әлемдегі ең қауіпсіз темір жолдардың бірі болып танылған. Әйтсе де онда оқыс оқиғалар аз орын алмаған. Соның бірі 1950 жылы болды.
Сол жылы шаһарға Althoff цирк труппасы гастрольдік сапармен келеді. Цирктің басты символы ретінде үш жасар пілдің баласы жарнамалануы түсуі тиіс болатын. Халықтың бәрі пойыз өтетін көпірге жиналып тұрған сәтте сүйкімді піл вагоннан басын шығаруы тиіс болатын. Шулаған халықты көргенде хайуан сасқалақтап вагонның терезесінен суға қарай гүмп ете қалады. Кейіннен әлгі пілді жұрттың бәрі жолы болғыш піл деп атап кетті. Себебі ол сол күні бірнеше жерінен жарақат алса да 39 жыл өмір сүрді. Кейіннен кішкентай пілдің құрметіне көпірдің маңайында оған арнайы ескерткіш тұрғызылды.