Жүз жасында ана атана жаздады
Әдетте әйелдердің қырық жастан кейін бала көтергені өміріне қауіп төндіріп жатады. Ал егер жүз жасыңызда құрсағыңызға бала бітсе ше? Ия, ия әлемде мұндай оқиғаларда кездесіп жатады. Британияның бір ғасыр жасаған кейуанасы жақында ғана дәрігерлерден өзінің екіқабат екенін біліп, таңқалғаннан көзі шарасынан шыға жаздаған. Қалалық аурухана Дорис Эйлингті әдеттегі тексеруден өту үшін анализ тапсыруға шақырған. Ойында дәнеңеде жоқ әжей қорытынды қағазын алғанда талып түсе жаздады.
Себебі онда жүз жастағы әжейдің аяғының ауыр екені жазылыпты. «Менің үш перзентім, жиырма немерем бар. Құрсағыма бала бітпегелі 70 жыл өтті. Қазір жасым жүзде. Менің қайтадан ана атануым мүмкін емес нәрсе ғой» дейді ол жергілікті басылымға берген сұхбатында. Тосын жаңалықты анықтау үшін оның туыстары дереу ауруханамен байланысқа шығады. Сөйтсек ондағы дәрігерлер шатасқан көрінеді. Оқиғадан кейін аурухана қызметкерлері Дористен және оның туыстарынан кешірім сұрапты. Ал кейуананың бала-шағасы бұл жаңалыққа әбден күлген көрінеді.
Мұрағаттан, 2015 ж