Еуропада орта ғасырда бұзақалық жасаған адамды қалай жазалаған?

Oinet.kz 04-06-2019 1125

Screenshot_2.jpg         

   Орта ғасырларда әдепсіздік танытқан адамдардың жазасы қатал болған. Мәселен Еуропада қоғамдық орындарда бұзақылық, тәртіпсіздік жасаған адамдарға көшеде масқаралайтын бетперде кигізетін болған. Деректер бойынша мұндай бетперделерді әйелдер көбірек киіпті. Бетперделі адамды көргенде көшедегі адамдардың оларға түрлі заттарды лақтыруларына рұқсат берілген.  Бетперделер қатты темірден жасалған. Оны басқа кигізіп, өздігінен шешілмейтіндей етіп бекіткен. 

Бір қиындығы бетперде сөйлеген кезде ауыз және тілді жарақаттап отырған. Сондықтан жазаға тартылған адамның сөйлеуге мұршасы болмады. Сондай-ақ қоңыралуы бетперделер де артық қимылдауға мүмкіндік бермеді. Бетперделердің көбісі жануарлардың пішінінде жасалған. Мәселен есектің басы болса онда әйелдің тым ақымақ болғанын білдіреді, ал егер ұзын мұрынды жануар болса әйелдің керек емес жерге мұрнын тықпалай бергендігінің айғағы. Ал маскүнем еркек болса оған шошқаның бетпердесі кигізілген. 

Ең алғашқы оятқыш (будильник) қашан пайда болды?
Қолы жоқ ұшқыш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу