«Күлімді негрлер шегіп тастаса»...

Oinet.kz 28-05-2019 1464

Screenshot_2.jpg

Фотода: Тупак Амару Шакур

Өмірде өзі қаласын-қаламасын саясаттың ортасында туылатын диаспора өкілдері бар. Тупак та геттодағы (Гетто- әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар шоғырланған аудан) өмірді өзгерткісе келетін афроамерикалық отбасы мүшесі еді. Тіпті қарапайым құқық қорғау органы қызметкері ескермейтін адамнан вицепрезидент елейтін тұлғаға айналуға қанша уақыт керек деп ойлайсыз? Тупак үшін 25 жыл өмірі жеткілікті болды.

Ол өмірге келгенге дейін анасы түрмеде отырды. Тупак Амару Шакур 1971 жылы 16 шілдеде Нью- Йоркте дүниеге келген хип-хоп жыршысы. Ең алғаш Лисейн Пэриш Крукс деп есім қойылады. Бір жыл өткен соң отбасы XVIII ғасырдағы афроамерикандық революционер Тупак Амарудың құрметіне есімін өзгертеді. Әкесі Билли Гарланд, анасы Афени Шакур афроамерикандық леворадикальды «Қара пантера» ұйымының мүшесі болатын. Қаранәсілділердің қоғамдағы құқығын теңестіруге бағытталған қозғалыстар мен ФБР-дің қысымын бала кезінен сезініп өсті. Анасы Афени Тупактың газет оқу мәдениетін қалыптастырды. Тупак 12 жасынан актер ретінде көше ансанблінде рөл ойнады. Отбасы Балтиморға қоныс аударған соң, өнер мектебінде актерлік шеберлік пен балет өнерін қоса меңгереді. Оның хип-хоптағы алғашқы лақап аты MC New York болатын. Уилл Смиттің жары Жаде Пинкетт оның сыныптасы еді. Тупак жайлы естелігінде: «Мен онымен танысқан сәтте 2 шалбар, 2 жейдесі ғана бар болатын. Ол матрацтың үстіне төсеніш салмай ұйықтайтын» ,- дейді. Оның алғашқы альбомдары музыкалық сыншылар мен тыңдармандарда қынжыл оятты. Пактың трэгін тыңдағандар психологияға кері әсер ететінін айтатын. Оның музыкаға деген талғамы мүлде бөлек болатын. Өзгелер дыбыс өңдеу барысында кемшілік деп түзететін үнді әдейі сақтап қалуға тырысатын. Биографиялық фильмінде өзін танымал еткен хитін жазу барысында музыкалық әрлеушіге : «Тыңдарман тіпті менің тыныс алғанымды сезінуі тиіс. Менде әуен жоқ. Сезімді, сөзімді ұғын!» деген эпизоды бар. Қаранәсілділр ұшырайтын қоғамдық шектеулер жырына арқау болатын. Оның әнінде реал өмір көрініс табатын. Тағдыры маңдайынан сыйпап тәтті ұсынбайтын топтың түңілісі Пакпен бірге әуенге айналатын. Ол хип-хоптың ғана емес афроамерикандықтардың көшбасшысы бола білді.

Тупак бір әнінде «Last wishes, niggas smoke my ashes» деген екен. Менің соңғы тілегім-күлімді негрлер шегіп тастаса дегенге саяды аударсақ. Пактың 1994 жылы PBS арнасына берген сұқбатында журналист :

- Өзіңді 15 жылдан соң қалай елестетесің?» деп сұрақ қояды

- «Он бес жылдан соң, жақсы өліммен қаза тапсам, ары кеткенде молада жатармын. Жаман өлді дегенде менің өлігімді өртеп, күлін достарым шегіп тастайтын шығар» ,- деген екен.

Расымен 1996 жылдың қыркүйек айының 7 жұлдызында Тупакты атып кетеді. Араға 6 күн салып Тупак 25 жасында көз жұмады. Оның денесі кремацияланады. Күлдің бір бөлігі шашылып қалады. Ал қалғанын Outlawz тобы марихуанамен шегіп алады. Десек те деректің қаншалықты шындыққа жақындығы беймәлім.

2Pac 11 айдың ішінде 67 ән жазады. Әлемде түрмеде отырып ән жазған алғашқы әнші ретінде тарихта қалады. Бірде ол Нью-Йоркке барғанда өз альбомының пират нұсқасын көзі шалады. Сатушыға жетіп барып, «Сен мені тонап жатырсың!» деп айқай салған. Ол көшірмені ғана емес көшірме болғанды ұнатпайтын. Десек те 2015 жылы Тупактың альбомының әлемдік нарықта сатылған көшірмесі 80 миллионды құраған. Кейбір адамдардың өмірі 25 жасында басталады. Ал Пак 25 жылда ел есіне есімін шегелеп кетті.

Балерке ӘСІЛХАН

Жақында роботтарға күніміз түспек
Күйеуім адал болсын десеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу