Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қырмызы гүлінің таңның атысымен жапырағын жайып, батысында жабылып қалатын қасиетін алғаш байқаған ежелгі римдіктер екен. Сондай-ақ жер бетінің бағзы тұрғындары қырмызының тіл көзден, бәле-жаладан сақтайтынына имандай сенген. Ал медицинада ол жүректі тыныштандырып, түрлі инфекциядан қорғайтыны дәлелденген. Көптеген елдерде қырмызыны қасиетті санайды. Мәселен Үндістанда ол Кришна құдайдың гүлі деп есептеледі. Сондықтан ғибадат үйлерінде қырмызы гүлінен тігілген гүлдестелер ілінеді. Үнділер оны Кришнаның гүлі десе, еуропалықтар Мария ананың өсімдігі деп тазалық пен пәктіктің белгісі деп түсінеді. Еуропаның Оңтүстігінде аталмыш өсімдік махаббаттың символы ретінде үйлену тойларында безендіріледі. Дәстүрлі медицинаның атасы атанған Қытай елі қырмызыға ұзақ өмір сүрудің кепілі ретінде қарайды. Қырмызы қытайлықтардың ғана сүйікті гүлі болған жоқ, француз ханшайымдарының да бұл гүлге ықыласы ерекше болған. Оны Маргарита ханшайымның мүсінінен байқауға болады. Мүсінде ханшайым қолына дәл осы гүлді ұстап отыр.
Күйеуі әйелінің көзіне шөп салмас үшін есігінің алдына қырмызы гүлін отырғызса жары келіншегінен ешқайда кетпейтін болады. Бұл орыс халқының баяғыдан қалыптасқан нанымы.
Oinet.kz мұрағатынан