Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жақында АҚШ-тың мобильді операторы AT&T компаниясы «қоғамға адамдарды көлік жүргізу құқығынан айырып, тірі жүргізушінің орнын робот жүргізушілер басу керек» деген ой тастады. Олардың зерттеулерінше көптеген жүргізушілер көлікті жүргізу барысында ұялы телефоннан хабарлама жібереді, поштаны тексереді, ВКонтакте, Facebook, Twitter, Instagram сынды әлеуметтік желілерде отырады, селфи түсіріп, оны жүктеумен айналысады екен. Бұл кез келген жүргізушінің назарын аударатыны белгілі. Осының салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алуда. Оның басым бөлігі қайғылы аяқталып жатады.
Сол себепті мамандар болашақта автономды басқарылатын көліктерді қолданысқа енгізбек. Мұндай көліктерді адам емес роботтар жүргізетін болады. Жасанды санамен басқарылатын робот-көліктер ішпейді, ашуға мінбейді немесе шаршап жолда ұйықтап кетпейді. Бір сөзбен айтқанда жолсапарыңыз қауіпсіз болады.