300 триллион жұлдызы бар жаңа галактика ашылды

Oinet.kz 27-05-2019 1400

Screenshot_3.jpg                           

            Жақында астрономдар 2009 жылы қолдануға берілген телескоп арқылы бізге дейін жеткен инфрақызыл сәулелердің көмегімен ең алыстағы галактиканы ашты. WISE J224607.57-052635.0 атауына ие болған ғарыш нысаны ғаламдағы ең жарық галактика атанып отыр. Себебі оның құрамында шамамен 300 триллион жұлдыз бар екен. Жаңа ашылған галактика бізден 12,5 миллиард жарық жылына тең қашықта жатыр. Ал бізге енді жеткен инфрақызыл сәулелер аталған галактикадан миллион жыл бұрын шыққанын астрономиялық есептеулер дәлелдеп отыр. 

Демек, галактиканың айналасындағы жұлдыздардың шоғырлануы осыдан 1,5 миллиард жыл бұрын басталған. Сонымен қатар, ғалымдар  галактиканың үлкен көлемде сәуле таратуын ескере келе  жұлдыздар тобының орталығында алпауыт қара ұйық бар болуы мүмкіндігін алға тартып отыр. Өзге галактикалардың орталығында да қара ұйықтар бар екені белгілі. Дегенмен, олардың сәуле тарату мүмкіндігін жаңа табылған галактика қуатымен салыстыруға келмейді. 

Мұрағаттан, 2015

Әлемдегі сақалмен туған ең алғашқы әйел
Жақында роботтарға күніміз түспек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу