Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Еркектің көркі сақалында болса әйелдің көркі шашында. Алайда бұл сөз Анни Джонс үшін айтылмаған. Себебі ол әлемдегі сақалмен туылған алғашқы әйел. Тоғыз жасында сақалды қыз туралы естіген атақты шоумен Финис Барнум оны цирк труппасына әкеледі. Ол үшін қыздың ата-анасына қомақты ақша төлеп отырған. Финистің хоббиі әрі кәсібі де осы еді. Яғни ол труппасына әлемнің түкпір түкпірінен бет әлпеті келіспей, дамымай қалған немесе ауытқушылығы бар адамдарды жинайтын. Көпшілікке аты цирк арқылы танылған жас қыздың кейінгі өмірі оңай болған жоқ. Ол екі рет тұрмыс құрды. Бірінші күйеуінен ажырасып кетіп, екінші жарынан айырылып, жесір қалды. Жасы қырықтардан асқанда Аннидің сақалының ұзындығы 180 сантиметрге жеткен. Ұсқынсыздығына қарамастан ол өте білімді, парасатты әйел болды. Ол музыканы жан тәнімен жақсы көрді, түрлі аспаптарда ойнады. Қайсар әйел 1902 жылы туберкулезден қайтыс болады. Ғалымдар оның сақалының не себепті өсуін анықтай алмай кетті.