Махаббат ең семіз ағылшынды 300 келіге аздырды

Oinet.kz 24-05-2019 1575

Screenshot_3.jpg

Бұдан екі жыл бұрын Пол Мейсон – Британияның ең семіз адамы саналатын. Мейсонның ол кездегі салмағы – 445 келі еді. Мүмкін ол ары қарай семіре беруі мүмкін еді. Оған махаббат көмекке келді – Пол американдық келіншекке ғашық болып қалды.  41 жасар Ребекка Маунтин Мейсон жайлы фильмді көріп, шұғыл түрде Фейсбук арқылы Полмен хабарласады. Алғашында қимылы баяу, салмағы ауыр адамға үй-іші жұмыстарына көмек бермек болып келген Ребекка Пол Мейсонға ғашықтық дертіне шалдығады.

Ребеккенің махаббаты Полды қанаттандырып, өмірге деген құштарлығын күшейтті. Ілгеріде Пол күні бой жатып тек телевизор көріп, тамақ жейді екен. Тамақ бақытқа жеткізбейтінін аңғарып, Мейсон қатаң диетаға – ем-дәмге отырды. Сондай-ақ, өмірге деген ықыласы арта түскен Пол дәрігерлерге қарала бастайды.

Мейсон соңғы екі жылда өте үлкен жетістікке жетті – ол 300 келі салмақ тастады. 300 келі салмағын тастаған Полдың терісі салбырап қалды. Енді сол салбырап, қатпар-қатпар болып тұрған теріні ота жасап, алып тастау керек болды. Полдың ғашығы Ребекка ханым Америкадан арнайы ұшып келіп, ота жасау кезінде Полдың жанында болыпты. Ота сәтті ақталып, Полдың салбырап тұрған 21 келі артық терісі алып тасталды.

Британдық ақпарат құралдары қазір Мейсон Пол ауруханада отадан соңғы ем-домын алып жатқанын жазады.  Ауруханадан шыққан соң Ребекка екеуінің үйлену тойы болмақ. Қазір кезінде Британияның ең семіз адамы болған Полдың салмағы бары-жоғы 150 келі, ал ғашығы Ребекканың салмағы Полдың салмағынан үш есе аз, яғни 50 келі екен. 

Студент кезімде бір қырым еті жоқ курстасым күнде таң ертең суық  сумен шайынатын. Себебім сұрасам «Жүретін қызым айтты, салқын душ – адамның рухын күшейтеді екен» деді. Психологтар әрбір үлкен табысқа жеткен немесе бір жаңалық ашқан адамның артында әйел тұлғасының тұрғанын айтады. Ғашық болу, сол ғашығына қол жеткізу жолында аянбай жанкештілікке бару – үлкен бір ғанибет. Осы махаббат деген ұлы күштің аясында болу – әрбір азаматқа бұйырсын деп тілейік. 

Адам өлім алдындағы бес нәрсеге өкінеді
Әлемдегі сақалмен туған ең алғашқы әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу