Елес-кеме «Бэйчимо»

Oinet.kz 23-05-2019 1289

1382286516_korabl-prizrak.jpg                                          

Апатқа ұшырап, су түбіне кеткен кемелер жайлы аңыз әңгімелер өте көп. Бірақ «Бэйчимо» атты елес кеме туралы естуіңіз бар ма? Бұл кеме теңіз бетіне алғаш 1914 жылы шыққан. Ол Швед порттары мен Гамбургтың арасында тауар тасу мақсатында жасалған. Сапасы мықты, тонналап тауар тасуға шыдамды «Бэйчимо» сол жылдың 1 қазанында сапарға шығады. Кемеде өте бағалы аң терілері, тондар тиелген болатын. Жолға шыққан соң көп ұзамай теңіз бетінде дауыл тұрып, кеме Арктика мұздарының арасында қалып кетеді. Кеме ішіндегі командаға көмек күтуден басқа амал қалмады. Дауылға байланысты жақын маңдағы Бэррой пунктінен де көмек  кешікті. Арада он бес күн өткенде команданың жартысы ұшақ арқылы құрлыққа жеткізіледі. Ал жартысы жақын маңдағы лагерге жөнелтіледі. 

Қырауар қаржының тауары тиелген кеме қаңырап бос қала берді. Апталар өте берді. Ауа-райы қалпына келген соң кеме капитаны мен мүшелері кемені қайта жүргізу үшін оралғанда «Бэйчимо» үшті-күйлі жоғалып кетеді. Су түбіне батып кетті ме деген болжаммен теңіздің түбін тексереді, басқа бағытқа желдің күшімен жүзіп кеттіме деген күдікпен айналаның барлығын шарлап шығады. Алайда, кеме сол күйі  табылмады. Оқиға ұмыт бола бастаған кезде оны теңіз қарақшылары мен жүзіп жүрген бірнеше кемелер көрген көрінеді. Алайда тек елес жүзінде. Яғни «Бэйчимо» адамдардың көзіне тек алыстан елес болып көрінеді де, ғайып болады екен.

Screenshot_1.jpg

Қандай жануар - тірі қуыршақ?
Аспанға алғаш рет ұшақ емес, пәтер ұшты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу