Аспанға алғаш рет ұшақ емес, пәтер ұшты

Oinet.kz 24-05-2019 1290

Screenshot_2.jpg                                

Әлемнің бір шетінен екінші түкпіріне лезде жеткізіп салатын әуе көлігі--ұшақтың түрлері көп. Әсіресе,  заманауи ұшақтар жолаушылардың көңілінен шығуда. Әдетте ұшақта жолушы ыңғайлы креслода отырып барады. Алайда ұшақтың ішінде кең кереуетте жатып, мейрамхана мәзірімен тамақтанып, емін-еркін жүре алмайды. Адамның қиялында шек бар ма?! Бір миллиардер ойында көптен бері жүрген қиялын жүзеге асырып,  ұшақты көлік емес пәтерге айналдырған.    

Boeing 747 деп аталатын ұшақ-пәтер  миллиардердің тапсырысы бойынша жасалған. Ұшақтың Aeroloft деп аталатын бұл моделінде жатын бөлме, мейрамхана, бірнеше қонақ бөлме мен асханасы бар. Қонақ бөлмелер үйдің жоғарғы палубасында орналасқан. Ұшып жүретін «пәтердің» ішінде заманауи кеңсе мен конференц-зал да бар. Greenpoint компаниясы ұшақтан пәтер жасауға  3 жылын жұмсаған. Ал аты-жөні құпия түрде сақталып қалған адам әуеде қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін Boeing 747 үшін $600 миллион төлеген екен.

Елес-кеме «Бэйчимо»
Әлемдегі ең ірі жантүгершілік әуе апаты қай елде орын алды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу