Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлемнің түкпір-түкпірінде ұшақ апаттары орын алып жатады. Әуеде қалықтаған темір құстың апатынан жолаушылардың тірі қалуы екіталай екені баршаға мәлім. Осындай жантүршігерлік ірі әуе апаты Сауд Арабиясында болған еді. 1980 жылдың 19 тамызында Saudi Arabian Airlines авиакомпаниясының №163 рейсі Эр-Рияд әуежайынан ойдағыдай ұшып кеткен болатын. Аспанға көтерілген соң техникалық ақаулардың кесірінен борттан өрттің ұшқыны шығады. Пилоттар ұшақты жерге аман-есен қондыруға барын салады. Олар жолаушыларды сабырға шақырып, апаттың болмайтынына сендіреді. Бәрі де пилоттардың айтқандарындай болды. Ұшақ жерге бір жері де сынбай, сәтті конады.
Ұшақ қонған жерге жетіп келген құтқарушылар ұшақтың апатсыз қонғанына қуанып еді. Бірақ олардың қуанышы ұшақтың есігін ашқанда-ақ су сепкендей басылды. Себебі жолаушылардың бірінен тіршіліктің нышаны білінбеді. Сөйтсе ұшақтың ішіне жайылған түтінге экипаж мүшелері де, жолаушылардың барлығы да уланып қалған екен. Ұшақ әуеге көтеріліп, жерге қонғанша арада небәрі үш минут өткен. Осы қас қағым сәт ұшақтағы барлық тірі жанды, яғни 14 экипаж мүшесі мен 287 жолаушының өмірін қиды. Бұл Сауд Арабиясында ең ірі әуе апатының бірі болып тарихта қалды.