Қандай жануар - тірі қуыршақ?

Oinet.kz 23-05-2019 1187

Screenshot_2.jpg                            

Гёльди  Амазонка ормандарын мекен ететін маймылдың сирек түрі. Аталған маймылдың ересектерінің жүндері қою қоңыр болып келеді. Өзіне қауіп төне бастаған кезде гёльди жүндерін үрпитіп, үлкейте түседі. Орман жануарының бір ерекшелігі ол әлемдегі ең кішкентай маймыл. Денесінің ұзындығы 19-23 сантиметрді құраса, құйрығының ұзындығы небәрі 25-33 сантимер. Ал салмағы бар болғаны 350-550 грамм. Жас маймылдардың ересектерден айырмашылығы - жалдары болмайды. 

Олар жемістермен, жәндіктермен және қозықұйрықтармен қоректенеді. Олар өте кішкентай болғанымен бұтақтан бұтаққа (шамамен 4 метр  қашықтыққа) оңай секіре алады. Бүгінде гёльдилерді атуға тыйым салынып, Қызыл кітапқа енген. Алайда аңшылар сүйкімді жануардың көзін жоюды әлі тоқтатар емес. Көбісі оны тірі қуыршақ ретінде асырағысы келеді екен. 

Screenshot_1.jpg

Адамды өлтіретін «ажал» гүлі
Елес-кеме «Бэйчимо»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу