Адамды өлтіретін «ажал» гүлі

Oinet.kz 23-05-2019 1168

1390258229_exp1.jpg            

«Дум-дум» бір қарағанда көздің жауын алатын темірден жасалған әсем гүл. Алайда сол сұлулықтың артында өлімнің тұрғанын ешкім сезе қоймайды. Негізінде бұл өнер туындысы қаруға жатады. Яғни «дум-дум» мылтыққа арналған оқ. Үшкір оқ жұмсақ денеге тиген сәтте жан-жағындағы темірлері гүл секілді денеге жайылады. Бұл оқ денедегі бұлшықеттерді ғана емес сүйекті де мүжіп, сындырып жіберуі ғажап емес. Гүлді оқ тиген адам көп қан жоғалтқаннан, ішкі органдарына зақым келеді және бірнеше оқ тиген жағдайда қатты ауырсынудан ажал құшып жатты. «Ажал оғын» 1895 жылы Британия елі Пәкістанға қарсы соғыста ойлап тапқан. 

Идея капитан Невилл Берти-Клейдің ойына аяқ астынан орала салған жоқ. Ол жауды неғұрлым қаттырақ жаралап, көбірек азаптанғанын қалады. Сөйтіп гүлді оқты жасап шығарып, алғашқы сынағын жүргізіп көрді. Оқты жасаушы фабрика Калькуттаның маңындағы Дум-дум қаласында орналасқандықтан капитан туындысының атауын қаланың атауымен атағанды жөн көрді. Кейіннен бұл оққа басқа елдерде қызығушылық таныта бастады. Кейіннен  «дум-думды» қолдануға Гаага конвенциясы тыйым салды.   

Screenshot_1.jpg

Әлемдегі ең әдемі қырыққабат қандай?
Қандай жануар - тірі қуыршақ?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу