Пре­зиденттің ата-анасының үйі деп ешкім ойламайды

Oinet.kz 08-06-2020 1439

Қазақстандық журналист Аида Хаметжанова Украина президенті Владимир Зеленскийдің ата-анасының Кривой Рогтағы үйінде қонақ болып қайтты. Ол өзінің алған әсерімен бөлісті.

news_full15620601844f53ccab80166ede2d6e46df0eff6c1f.jpg

«Украинадағы президент сайлауына дейін және одан кейін Зеленскийдің өзінен де сұхбат алғанмын. Зелен­ский­дің қазақтарға деген көз­қа­расы өте жақсы, «біздің қазақтармен ортақ дүниеміз көп» дегенді айтқан. КВН-да қазақтармен бірге көп сайыс­қа түскен ол біздің ел туралы жақсы біледі.

Ол кісілер есіктерін тарс жауып, телефонды көтермей қойса да болар еді, бірақ «сен алыстан келіп отырсың, жолаушыларға жоқ деп айта алмаймыз» деп мені жылы қабылдады. Алғашқы қойған «Қалай президент тәрбиелеу­ге болады?» деген сауалыма олар: «Біз президент емес, адам тәрбиеледік», – деп жауап берді. Отасқандарына 42 жыл болса да, бір-бірінің қо­лынан ұстап, бір-біріне өте жылы қарайды екен. Осыдан соң «психикасы дұрыс, өмірге құштар бала тәрбиелеудің ең бір қарапайым жолы – отбасыдағы махаббат» деп тү­сіндім. Әке-шеше бір-біріне дауыс көтермейтін, барлық мәселені үнемі қалжыңмен шешіп отыратын, өмірге көзқарастары дұрыс отбасыда тәрбиеленген баланың психикасы да орнықты болады деген ойды мен журналист ре­тінде ғана емес, ата-ана ре­тінде де түйдім», - дейді Хаметжанова.

Өз сөзінде журналист Украина президентінің ата-анасы қарапайым адамдар екенін атап өтті.

«Зеленскийдің әкесі – профессор, техника саласының маманы, Қазақстан, Ресей, Монғолия ел­дерінің тау-кен өндіріс орындарында, шахталарында жұмыс істеген. Бұл кісілер үшін материалдық байлық онша маңызды емес екен. Өйткені үйдің іші де, ондағы жиһаздар да қарапайым. Пре­зиденттің ата-анасының үйі деп ешкім ойламайды. Әкесі өте көңілді, қалжың айта білетін, езуі жиылмайтын адам екен. Ұлына әртістік қанмен берілген нәрсе болса керек. Ұлы көлік алып бермек болған кезде одан бас тартыпты. Әкесі Lanos маркалы ескі көлікпен жүр. Бұл кісілер шетелге демалғанды да аса ұната бермейді екен.

«Шетелге баруға асықпаймын, мен әлі Украинаны то­лық аралап көрген жоқпын», – дейді. «Бізге мейрамханадан тамақтанудың қажеті қажеті жоқ, әдемі көйлек киіп, қыдырып жүретін жаста емес­піз», – деп айтады», - дейді Аида Хаметжанова. 

Дереккөз: https://stan.kz/

Психологиялық тест: Қандай түсті гүлді таңдар едіңіз?
Психологиялық тест: Бірінші қандай фигураны байқадыңыз!?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу