Бүгін Пионерлер күні

Oinet.kz 19-05-2020 3681

Ата-аналарымыз жастық шағындағы естеліктерімен бөліскенде ең әуелі айтатын сөзі «пионер». Бұл сөз қазіргі жастарға ерсі естілгенімен сол кездерде үлкен «мәртебе» болған. Бүгін, 19 мамыр, пионер ұйымының пайда болған күні. Ұлы мереке!

1494506940_0_211_2040_1368_600x0_80_0_0_345f6af10291343b39e98f6c90acb03c.jpg

Бұл күннің шығу тарихын білесіз ба?

Коммунистік балалар ұйымы өз қарамағына Кеңестер Одағының барлық мектеп оқушыларын қамтитын көпшілік саяси ұйым есебінде тарих сахнасына шықты. Партияның тапсыруы бойынша балалар коммунистік ұйымын құрумен комсомол айналысты. 1922 жылдың 19 мамырында өткен комсомолдың II Бүкілресейлік конференциясында елдің барлық қалалары мен селоларында пионер отрядтарын ұйымдастыру туралы қаулы қабылданды. 1922 жылдың желтоқсанында өткен комсомолдың V съезінде жекелеген пионер отрядтары бір ұйымға топтастырылып, алғашқыда «Спартак» атын иемденді. Қазақстанда мұндай отрядтар алғаш Петропавлда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1923 жылдың тамыз айында РКЖО ОК-нің Бюросы «Спартак» атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтарының ұйымдық Жарғысын бекітті. Ұйымдық Жарғы пионерге қабылдау тәртібі мен ережесін, отряд, звено секілді ұйымдық түрлерін, сыртқы белгілерін, сондай-ақ пионерлердің заңы мен дәстүрін, жас мөлшерін (9-дан 14-ке дейін) белгіледі. Балалар коммунистік ұйымы болашақтағы Кеңес елі азаматтарының мектеп жасынан бастап тәртіпті, тәрбиелі, еңбексүйгіш, саналы, мәдениетті болып өсуі бағытындағы партия мен комсомол ұйымдары ісіне өз тарапынан ұйытқы бола білді.

Пионерлердің басты міндеті

Пионер ұйымдарының жұмысы жас ұрпақты коммунизм ісіне берілгендік рухта тәрбиелеуге, Отанды сүюге, өзге ұлт-ұлыстарды құрмет тұтуға бағытталды. 1925 жылдың қаңтар айында Орынборда «Пионер» журналының алғашқы саны жарық көрді.

1926 жылы республиканың барлық мектептерінде дерлік пионер отрядары құрылып, жұмыс істей бастады.

1929 жылы 18 тамызында Мәскеуде КСРО пионерлерінің I Бүкіл одақтық слеті ашылды. Слетке барлығы 7 мың жас жеткіншек қатысса, оның 80-і қазақстандықтар еді. Слет барысында спартакиада, олимпиада, көркемөнерпаздар үйірмелерінің конкурстары, балалар шығармашылығының көрмелері өткізілді.

8d89ed46db36f94a4a79ce748ec023c5.jpg

Пионер ұйымдары еліміз өмірінің барлық саласына белсене қатысты: сауатсыздарды оқытып, қызыл отауларға керекті кітаптарды жинады, металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға қатысты, жаңа оқу жылы қарсаңында мектептерге балаларды тартты.

1931 жылдың 10 сәуірінде Республикалық пионерлер штабы құрылды. Алғашқы құрылған бұл штабтың төрағасы болып Ә.Асылбекұлы, бюро жетекшісі болып З.Ақышқызы сайланды. Осылайша Қазақстанда орталыққа бағынған бірыңғай пионер ұйымы өмірге келді.

Пионердің жеке рәміздері: 

Ту, галстук, төсбелгі (значок), салют жас жегкіншектерді тәртіп пен өзара ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды. 

Жалпы пионерлер қызметі комсомол жоспарлаған шараларды орындаумен ғана шектелді. Саяси құрылымнан комсомолдың кетуіне байланысты, В.И. Ленин атындағы бүкілодақтық пионер ұйымы да өмір сүруін тоқтатты.

Психологиялық тест: Қалай ұйықтайсыздар?
Жаңа қаржы министрі негізінен кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу